Өлең, жыр, ақындар

gumakanapia

  • Ұпайы: 899
  • Тіркелген уақыты: 21.07.2022 18:02
  • Соңғы кірген уақыты: 17.06.2023 22:20
  • Аты-жөні: Гүлмекен Қасенбай
  • Жынысы: Әйел
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Жоспарлар Ұлағатты сөздер

Жеті атасын білмей өскен ұл

Зинақорлық өріс алған заманда,
Тек жайында сұрай көрме адамнан.
Жеті атасын білмей өскен баланың,
Артында тұр зымиян ойлы талай жан!

Толық

Мазалама

Сен маған сағыныш мұң сыйлап кеттің,
Мәңгілік махаббатпен қинап кеттің.
Бейнеңді өшпестей ғып сақтаттың да,
Өзіңмен жүрегімді ұрлап кеттің...

Толық

Байқа әйелден

Әйел адам - сезімдерден тұрады,
Оңай оның күлуі де, жылауы...
Әйел сүйсе көкірегіңді көтерме,
Бар оның әр көз жасының сұрауы!

Толық

Қос аққу

Қос аққу үсіп қапты жатыр мұзда,
Айнала ақ қар, көк мұз, аяз дала.
Мейірімді бір жігіт кеп алып кетті,
Салып ап екі аққуды машинаға.

Толық

Жігіт сөзі

Қайдан ғана жолықтың жарық күнім?
Шалықтырып дертіне ғашықтықтың..
Кездескелі өзіңмен мазам қашты,
Бөтен болып кеткендей жар, ұл-қызым.

Толық

Абайдағы үй (қоныс тойға тілек)

Абайдағы үй, болатын шағын ғана,
Алма, апорт, шие өскен үйді айнала.
Осы шағын жер үйде, ел білетін -
Өмір сүрді хирург Серік ата.

Толық

Жұбайлар жыры

Ерік:
Жиырма жаста кездестім де өзіңмен,
Көз айырмай қарап қалдым көзіңнен.
Бірден сездім "менің жарым осы" - деп,
Алғаш рет ғашықтықты сездім мен!

Толық

Анамның көзі бар менде

Күннен де жарық, мейірлі анамның көзі,
Жаныма майдай жағады еркелеткені.
Анамдай мені уайымдап, жаны күйетін,
Таба алмаспын-ау адамды адал жүректі.

Толық

Мейірімге мұқтаж заман-ай!

Енеге келіні жақпай,
Қайын жұрт күйеуді ұнатпай.
Ит пенен мысықтай болып,
Өмірдің сырғып аққаны-ай.
Бай болсаң - беделің асқақ,
Жарлыға - жақын да жаттай!

Толық

Мұсылман - періште емес!

Мұсылман  - періште емес,
Иманды жай адам.
Нәпсі мен шайтаны,
Күні-түн азғырған.
Сонда да жеңілмей,
Қаншасы келеді.
Иманның бал дәмін,
Олар шын сезеді.

Толық

Пайғамбарды сағынғанда

Я, РасулуЛлаһ!
Сізді сағындым!
Арманым бір көру, жүзіңді лағыл нұр.
Мейірімге шөлдесем Өзіңді ойладым,
Қатыгез қоғамда қиналса жаным бір.

Толық

Орамал - ең үлкен сый

Орамал - ең үлкен сый мұсылманға,
Ұсынса біреу оны тастай салма.
Аналар ақ сезімін білдіретін -
Кестелеп, шашақ салып орамалға.

Толық

Жоқтау (тапсырыспен шығарылған)

Апам-ау кеткенің бе шыныменен?!
Топыраққа көмілді ме суық денең.
"Рақмет, айналайын!" - деп анама,
Айтатын оянушы-ем сөздеріңнен.

Толық

ӘКЕНІ АҢСАУ немесе әкесіз өскен ұлдың арманы

Әке, сізді.. сыртыңнан бір көруге...
Дүниемді түгел құрбан етейін,
Ең жоғарғы ақыны да төлейін.
Бүйрек, бауыр, жүрегім мен тәнімді -

Толық

Кім дұшпан?

Реніштен асқан дұшпан көрмедім,
Миыма оның кіргенін де сезбедім.
Жанымда ылғи ол болғанда байқасам,
Ашу-ыза тәнді ауыртып, сенделдім.

Толық

Сәби шақпен қоштасу

Бөпе болған қандай жақсы?
Бәрі жақсы көреді.
Көтереді кезекпенен,
Ең дәмдіні береді.
Жыласаң да сүйкімдісің,
Еркелейсің, шулайсың.
Сәл өскен соң ақыл кіріп,
Үлкендерді тыңдайсың.

Толық

Пайғамбарға (салла Аллаһу ғалейһи уа ассалам)

Біз Сіз әкелген исламды кірлетіп алдық,
Санамызды дүниеге билетіп алдық.
Жетпіс үш түрлі топтарға бөлініп кетіп,
Шын мақсатымызды негізгі ұмытып қалдық.

Толық

Махаббат теориясы

Махаббат жайлы бір қызық жайды естідім,
Жаратқан бізді қызғанады екен өзгеден.
Ессіз сүйсеңіз Алладан асып біреуді,
Сынайды екен ажыратып сол бір пендеден.

Толық

Күз

Сары желек жамылып,
Алтыннан сырға тағынып.
Қоңыр күз келді тағы да,
Елімді мынау сағынып.

Толық

Күзгі көрініс

Алтын жапырақ
ағаштан ұшып түсті де,
Қызыл бояудан азырақ жағып үстіне.
Қол ұстасып ап,
Айнала кетті дөңгелей.
Жапырақтарменен танго билемек үйіріле!

Толық

Келін неге жаман?

Қазақ енелерінің ұғымында:
Келін байының миын жемеуі керек,
"Ақша бер" демеуі керек.
Базарға өзі бара беруі керек.

Толық

Әйелдер - құдайдың жобасы (әйелдерге 90-60-90 талабын қоятындарға)

Әр әйел өзінше әдемі,
Құпия оның жан әлемі.
"Стандарт" - ақымақтың талабы,
Қуыршақ жасайтын пендені.

Толық

Көріксіз әйел

Бір жігіттің болыпты,
Сұрықсыздау әйелі.
Даусы да жаман шаңқылдап,
Үнемдеп әрбір тиынды,

Толық

Тұжырым

"Сұлусың" - деп айтады сұлу жандар,
Көп садақа береді мәрт адамдар.
Шеберлікке үйретсе өнерпаздар,
Білгенімен бөлісер данышпандар.

Толық

Әйелдің ақын болғаны

Әйелдің ақын болғаны азап екен ғой?
Жыр қысса жаза алмай төгіп,
Мазақ етеді ой.
Бітпейтін тіршілік қамы жүндей түткенде,

Толық

Енеге алғыс (тапсырыспен жазылған)

Келін боп түскелі бері,
Ене боп, сынамай мені.
Жанашыр, қамқоршым болған,
Сырласым, жан құрбым менің.
Мың алғыс, өзіңізге Апа!

Толық

Әке - Ана. "Менің анам" әніне кавер.

Әке-анам өздеріңмен мақтанам,
Сіздер барда қуанамын, шаттанам.
Дәл сіздердей ата-ананы бұйыртқан,
Жаратқанға сансыз алғыс көп айтам!

Толық

Ұзатылған құрбыға тілек

Бір жүрген күліп-ойнап асыл құрбым,
Мерзімі қысқа екен-ау қыз ғұмырдың?
Аяулы жар, ибалы келін болып -
Ұрпағын жалғай бергін барған жердің.

Толық

Кім мені тастап кеткен білесіз бе? (Жетімнің монологы)

Сіз менің ата-анамды білесіз бе?
Көрсеңіз "Ұлың сізді іздеуде!" - де.
Жетім қозы секілді жаутаңдаймын,
Анашым кеп қалардай әне-міне!

Толық

Соңғы қоңырауға тілектер

Сәтті болсын, жас түлектер жолдарың,
Нұрға толсын ғұмырларың әрдайым!
Білім алып, еңбек етіп, өркендеп,
Мақтанышы болыңыздар қоғамның!

Толық

Бастауышпен қоштасу сценарийі

(Сахнаға екі жүргізуші шығады)
1-жүргізуші:
Кеше ғана қолымызға гүл алып,
Шаттанып-ек оқушы боп қуанып.

Толық

Бөлелерге

Үш бөленің құтты болсын мейрамы,
Өмір сүрсін уайымсыз, жайдары.
Алға қойған мұратына жетсін де,
Орындалсын арман, тілек, ойлары!

Толық

Жеңіс құны

Жеңіс күні қуанамыз "жеңдік" - деп,
Фашизмге ауыр соққы бердік - деп.
Соғыстан соң бірақ вокзал, базарда,
Қайыр тілеп жүрді сансыз мүгедек.

Толық

Сырға салу

Құдалар құтты болсын құдаласу,
Бабамның жолы болған сырға салу.
Екі жас дәнекер боп арамызда,
Сыйласып бір жүрейік болып тату!

Толық

Құдаларға қоржын ашу өлеңі

Ал құдалар, құдалық құтты болсын,
Ортамызда екі жас аман болсын!
Қыз өсіріп, құлпыртып бізге ұзатқан,
Құда мен құдағиға разы болдым!

Толық

Апама тілек

Апа сіз бізге қымбатсыз,
Әлі ұзақ жерде жүргейсіз!
Жалғанда мынау уайымсыз,
Бақытты өмір сүргейсіз!

Толық

Әпкеге арнау

Ес білгелі көріп келем мейірімін,
Әпкем менің жанашырым, қорғаным.
Ол бар кезде сезінбедім аштықты,
Ол бар кезде сезген емен еш уайым.

Толық

Бауырларым

Бірге өскен тай-құлындай бауырларым,
Қартайып бара жатыр міне алдың.
Қимаймын қарттыққа мен ешбіріңді,
Сағынам естілмесе дауыстарың!

Толық

Кітап

Кітап маған үйретті көп білімді,
Кең дүниенің ашты небір сырларын.
Кітап қана көңілді етті өмірді,
Кітаптан мен мол қазына жинадым

Толық

Ой

Сезім - сұлу қыздың ойыны,
Жалт етіп, ұстатпай кететін.
Махаббат - пенделер сезімі,
Қызығы басылса - өтетін.

Толық