Бұл бетте «Ауылға тілек (Сәулемсің әнімен)» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауылға тілек ("Сәулемсің" әнімен)
1. Жылқы жылы кеп жеткен құтты болсын, Ұстаздар!
Рейтингісі мектептің мықты болсын, Ұстаздар.
ҰБТ-дан шәкірттер тек жоғары бал жинап,
Абыройын ауылдың аспандатсын ұл-қыздар!
Қ-сы:
А-хау!
Қапез орта мектебі жасай берсін жарқырап,
Қуандырсын шәкірттер шеттерінен алтын ап!
Жылқы жылы жақсылық қуанышқа толы боп,
Ақша толсын қалтаға уыс-уыс долларлап!
2. Тоғызбұлақ ауылым дами берсін жанданып,
Кәсіпкерлер көбейіп болайық ең бай халық.
Бейбіт, тыныш бақытты, мамыражай заман боп
Көк туымыз желбіреп, жасай берсін азаттық!
Авторы: Гүлмекен Қасенбай
25.12.2024
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі