Тұсау кесерде айтылатын шумақтар
Бұл бетте «Тұсау кесерде айтылатын шумақтар» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұсау кесерде айтылатын шумақтар:
Тұсауыңды кесейін ала жіппен,
Өсе бергін балапан адалдықпен.
Ала жібін ешкімнің аттамайтын,
Қолы таза адам бол елің сүйген!
Тұсауыңды кесейін көк шөппенен,
Үбірлі-шүбірлі бол өсіп-өнген.
Жасың жүзге жеткенше тоқтамастан,
Шапқылай бер, өзіңнің аяғыңмен!
Тұсауыңды кесейін тоқ ішекпен,
"Тоқшылық кетпесін" - деп өміріңнен.
Берекелі, білімді азамат бол,
Үлгі бол айналаға өнегеңмен!
Қадамың тек сауапқа баса берсін,
Жамандықтан Жаратқан тоса гөрсін!
Текті елдің тәрбиелі ұрпағы боп,
Есімің алты алашқа мәлім болсын!
Гүлмекен Қасенбайқызы
29.07.2026
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі