Садақа - қорған
Бұл бетте «Садақа - қорған» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Садақа - қорған
Садақа - қандай ғажап амал едің,
Қолы ашық, жаны жомарт қазақ елім.
Ай сайын бір отбасын бақытты ғып,
Үй сыйлап жатыр міне "Харекет" - ің!
"Садақа - арттырмаса, кемітпейді"-
деп мүмін, жақсылықты көп істейді.
Шариғат заңында да "Зекет беріп,
байығың келсе елмен бөліс!" - дейді.
Садақа кедейліктен өлтіртпейді,
Сараңдықтың адымын өсіртпейді.
Жетпіс теңгең шынайы елге берген,
Жетпіс түрлі бәлені келтіртпейді!
Беруге қорыққан адам байымайды,
Тақуа адам қалтырап, тарылмайды.
Тыққанын тышқан жеген сараңдар көп,
Берегеннің Аллаһқа хәлі ұнайды.
Садақа - алдыменен таза ниет,
Адамға күлімсіреу саулық тілеп.
Жолдағы тікенді де алып тастау -
Мүмінге жазылады сауапты іс боп.
Ендеше, жақсылықпен жарысайық,
Әр қазаққа үй беріп байытайық.
Садақа - мемлекеттің тас қорғаны,
Шекараны қорғауға ат салысайық!
Гүлмекен Қасенбайқызы
28.06.2026
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі