Мейірбике күніне арнау – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Мейірбике күніне арнау» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

"Медбикелер күні" - дейді бүгін ел,
Ауырсаңыз медбике ғой жүгірер.
Дәрі егіп, ине салып, қан алып,
Зәріңді де талдау жасап, тексерер.

Тілік, жара, сынған жерді емдейтін,
Дәрі жағып, жуып, таңып, өңдейтін.
Отаға да дайындайтын медбике,
Жөтелсеңіз өкпеңізді жөндейтін.

Іріңдеген тамағыңды шайдырып,
Дәрі беріп, асқынуды қойдырып.
Аппаратқа түсіретін сан түрлі,
Күні-түні журнал жазар толтырып.

Талон аңду, жұмыс істеу еговпен,
Мың адамға жауап беру кезекпен.
Екпе келсе елге түгел хабарлап,
Сайлауда да қатысатын есепке.

Зейнеткерді үйме-үй кіріп түгендеп,
Тегін дәрі үлестіріп, бір-бірлеп.
Ауыраяқ әйелдерді уақытылы,
Шақыратын әр ай сайын "кел-келдеп".

Оңай емес медбикенің жұмысы,
Дәрігерлер - ел жүрегі, тынысы.
Аман болсын абзал жандар, аяулы  -
Арта берсін бақ-береке, ырысы!

Құтты болсын төл мейрамы бүгінгі,
Тек жеңіске толы болсын әр күні.
Мейірбике  - мейірімді мамандық,
Сауап толы әр сәті мен әр ісі!

Құрметті біздің ақ халатты дәрігерлер!
Төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Гүлмекен Қасенбай
12.05.2026


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар