Бұл бетте «Ардагер кім?» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ардагер кім?
Ардагер қайсы?
Ата ма мынау - тым кәрі?
"Батыр"- деп атап, құрақ ұшады жас-кәрі.
Қолдары әлсіз, көздері зорға көреді...
Отанды қалай қорғады екен, қарт жаны...?
Деп ойлап Ербол, атаға жақын таяды,
Енді байқады, бар екен және таяғы..
Қос қолын беріп, амандық сұрап алды да,
Көкейіндегі сұрақты қойды баяғы:
- Айтыңызшы ата, соғысқаныңыз шын рас па?
Мына аяқпенен қалай кірдіңіз айқасқа?
Көздеу үшін де өткір көз керек мылтықты,
Бата беріп ап, қалдың ба әлде штабта?
Жақсылап күліп, жадырап алды ардагер,
- Әй, баламысың, бар болғын батыр, дана бол!
Мен қазір қартпын, ол кезде жап-жас жігіт ем,
Соғыстың оғы тәніме салды жара мол.
Бір кезде мен де, ұл болдым дәл сен секілді,
Асықпен ойнап, күнге қақтадық кекілді.
Бозбала болып, ер жете бастаған кезде -
Сұм соғыс келіп, ұрлаттық бейбіт өмірді.
Төрт жылда тағы айрылдық қанша ерлерден,
Мүгедек болып, жарақат алды жарты әлем.
Ел мен жер үшін кеудесін оққа қалқан ғып,
Майданда өлді, арманы асқақ көп ерлер.
Ал мен сол оттан, ғайыптан аман қалыппын,
Демеймін сірә, ажалмен көзсіз алыстым.
Көбіміз кетіп, азымыз аман оралдық -
Тілеуі шығар анам мен мынау халықтың.
- Енді түсіндім... мың алғыс сізге жан ата,
Ардагер деген - шын батыр екен қарасам.
Майданда болған әр сарбаз лайық құрметке,
Жадына сақтап, ұмытпай жүрсін әр адам!
Гүлмекен Қасенбай
28.04.2021
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі