Бұл бетте «Менің анам - мұғалім» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Босамайтын қолы еш,
Менің анам - мұғалім.
Оның ауыр жұмысын,
Жан-тәніммен ұғамын.
Бізге мейірім беруге,
Аз болса да уақыты.
Өзге ұл-қызды білімді,
Қылу оның бақыты.
Қағаз толы сөмкесі,
Бар таусылмас есебі.
Шәкірттері анамды,
"Ұстаз-Ана" деседі!
Құрметтейді бар адам,
Менің асыл анамды.
Өйткені, ол - мұғалім,
Дамытатын санаңды.
Жүрсе-дағы жанымда,
Мен анамды сағынам.
Анам менің асыл жан,
Елдің туған бағына!
Мерекемен құттықтап,
Жыр арнайын анама.
Аман-есен шапқылап,
Бар болыңыз ақ мама!
Өнегелі тәліммен,
Жақсы бала боламыз.
Өйткені анам - мұғалім,
Қалай жаман боламыз?
Анасы ұстаз балалар,
Мейірімді жатпен бөлісер.
Аман болсын әрқашан,
Ұстаз-Анам, періштем!
24.02.2026
Г. Қасенбай
admin
Авторы өзім (Авторы өзіңіз болған жағдайда жазудың үстіне басу керек.)
gumakanapia
Админ мырза, неге менің аты-жөнім авторлардың тізімінен шықпайды. Сол себепті жаздым.
admin
Материал сіздің профиліңізде өз атыңыздан жарияланады деген сөз, материалдың нақты авторы өзіңіз екенін көрсетеді.