Бұл бетте «Жайық жағасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
3288
Атақты сұлу Ақ Жайық,
Аташ таудың етегі.
Жағаға суын мол жайып,
Жарқылдап ойнап өтеді.
Жол салады тың жерге,
Болаты берік қалқаны.
Магниттен шығып Никельге,
Жайдары Жайық тартады.
Жалаңаш еді алабы,
Жайнатып өмір берді күш.
Жайраңдап Жайық ағады,
Өн бойы толы өндіріс.
1950
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі