Келін тілегі
Бұл бетте «Келін тілегі» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Еркелетіп келіні емес қызындай,
Немересін өбектеген бір тынбай.
Иманжүзді, мейірімді апама —
Жүрекжарды жыр арнайын құттықтай!
Атамыздың еркелеткен жан жары,
Төрт ұл менен үш қызының анасы.
Әр намазы - қаза қылмай оқитын,
Қабыл болғай, таудай болып сауабы.
Қамқор болып бәрімізге жүретін,
Тазалықты, адалдықты сүйетін.
Салт-дәстүрді берік ұстап үнемі,
Анаға тән қасиетін білетін.
Асыл ана, апатайым уайым жоқ,
Жүре бергін ортамызда күндей боп.
Әрбір жасы мол жақсылық әкеліп,
Ең бақытты ана болсын көңілі тоқ!
Екі өмірде мұң шалмасын ақ жүзін,
Тек күлкіден пайда болсын әжімің.
Пәк көңілмен, ақ тілегін білдірген —
Осы үйдегі ерке, кенже келінің!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі