Мектеп кітапханашыларына
Бұл бетте «Мектеп кітапханашыларына» атты Гүлмекен Қасенбай жазған білім туралы өлең берілген.
Мектеп кітапханашыларына
Айналасы кітап тола сөрелер,
Еңбегі оның көрінбейді,
Себебі ол:
Жазып, сызып, түптеп, санап жүреді,
Оқушының оқулығын таудай мол.
Тасып жалғыз құшақ-құшақ кітапты,
Шаңын сүртіп, түгендейді тұрақты.
Әр кітаптың орнын жатқа біледі,
Сұрай қалсаң тауып берер жоқ затты.
«Кітап оқы»-деп айтатын үнемі,
Кітапханашы апайларды ел біледі.
Кітап қана — нұр құятын санаға,
Кітап қана — білім нәрін береді.
Аман болсын кітапханашы ханымдар,
Табысты боп, миллион айлық алыңдар.
Мерекемен құттықтаймын бүгінгі,
Мұңсыз болып, өмірден бақ табыңдар!
Айдана
Керемет!! Супер!