Қоржын ашар
Бұл бетте «Қоржын ашар» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қоржын ашар
Бұл қоржын - бабалардың мұра жолы,
Қос қалтасы сыяпат, сыйға толы.
Киіт пен мата-орамал байытпайды,
"Жұғысты болсын" деген тілек еді...
"Нанымыз көп, молшылық болсын елде",
Деп "Нан тоғыз" әкелдік бүгін біз де!
Екі жастың ғұмыры балдай болсын,
Деген оймен әкелдік тәттіні де!
Айна-тарақ, әтір мен сабыны бар,
Крем, шампунь, сүлгі мен табағын ал.
Бос қайтпасын бұл тойдан деген оймен,
Сый берейік "құдағи қоржынынан!"
Жолы үлкен жандарға алтыны бар,
Жағалы бар, сыйлар бар қымбат тұрар.
"Жүректерді сыйлықпен жұмсарт" - деген,
Пайғамбардың сөзі бар мұсылмандар!
Құдағи, мына алтын өзіңізге,
Осы алтындай жарқырап жүзіңіз де!
Қуаныштан нұр шашып күліп жүргін,
Құт-береке орнасын үйіңізге!
Құдаға арнап алдық бұл шапанды,
Тоңбасын деп аязда, суық-ызғарлы.
Құндыз бөрік, жағасы әдіптелген -
Соңғы үлгіде тігілген өте сәнді!
Қыздарға алтын сырға, сақина бар,
Ұлдарға брендовый костьюм-шалбар.
Әкелген барлық киім тозып қалсын,
Үстінде құдалардың осы заттар!
Зат тозсын, ал құдалық мәңгі болсын,
Жалғайтын екі жақты ұрпақ келсін.
Нағыз сый - Аллаһ берген құт-береке,
Сый-құрмет, ынтымақ-бірлік таусылмасын!
Гүлмекен Қасенбайқызы
29.07.2026
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі