Ата сөзі
Бұл бетте «Ата сөзі» атты Ғали Орманов жазған ата туралы өлең берілген.
Қарадым саған, Жəмила,
Секілді жазғы жауқазын.
Тіледім саулық жаныңа,
Мереке күні жампозым.
Маздаған майдың жазындай
Көңілің шалқып тұр ма екен?
Сақтаулы жатқан жазылмай,
Көкірегің толы жыр ма екен?
Шыным сол, айтсам, құлыным,
Теңемен саған еш пенде.
Жазбаған жырын ұлымның,
Жазып бер өзің өскенде.
Жадыңда сақта жалғыз-ақ
Жалынған сөзін атаңның:
Көрейін дейін мен ұзақ
Қызығын сендей ботамның!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі