Алыптың тынысы
Бұл бетте «Алыптың тынысы» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алдымда зəулім болат үй
Алады тыныс бусанып.
Жақындап келсем – сол ылғи,
Жанымды лебі тұр шалып.
Қояр ма, сірə, тербетпей,
Жеріңде сондай туса алып!
Жаңа бір көрген перзенттей,
Телміртер сені құштар ғып.
Қазақтың домна пеші бұл
Жапанға жаңа орнатқан.
Халқымның жүрген десі бұл
Тасы да балқып өрге аққан.
Жүрегіне ұқсап даланың
Шалынар соның тынысы.
Сүйсіне сезер оны əркім,
Жарылқап жанын жылысы!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі