Жігіт сөзі – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Жігіт сөзі» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шамшат Шаншарованың "Сыңарсыз аққу" әңгімесінің әсерінен туған өлең.

Жігіт сөзі

Қайдан ғана жолықтың жарық күнім?
Шалықтырып дертіне ғашықтықтың..
Кездескелі өзіңмен мазам қашты,
Бөтен болып кеткендей жар, ұл-қызым.

Бір көргеннен көз алмай жанарыңнан,
Танысымдай ежелгі қарадым сан.
Дәл қазір-ақ өзіңе үйленер-ем,
Әттең.. қорқам жұбайдың наласынан.

Көркің қандай сиқырлы әсем еді?
Нұрландырып тұрғандай бар әлемді.
Жүрегімнің жартысы "сен" деп соғып,
Жатырқаймын некелі әйелімді...

Құралай көз аққуым мөлдіреген,
Бағыңды ашсын Жаратқан өз теңіңмен.
Ұмытпаймын өлгенше есіміңді,
Кеш жолыққан періштем,
Кешір сәулем!

Кейіпкер жігіт Мақсаттың сезімін өлеңмен өруге тырыстым.

Гүлмекен Қасенбайқызы
09.12.2025


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар