Өлең, жыр, ақындар

Арудың солдатқа хаты

  • 09.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1248
(Өтінішпен жазылған өлең)

Ол кеткен жоқ бостан-босқа аулаққа,
Ол жатқан жоқ көк шалғынға аунап та.
Ел алдында ақтап жүрген борышын -
Хат жазыңдар қатардағы солдатқа.
Арман бейне айдындағы ақ қаздай,
Қалай тұрмақ ынтызарлық дәт қозбай?!.
Ару қыздар,нағыз ғашық болсаңдар -
Өздерің де жүре алмайсың хат жазбай!
Тынышбай Рахым. Әскердесің,
Сенсіз жалғыз жүргенім болмаса тек,
Сеніменен біргемін.
Сүйген жүрек күн санайды осында,
Келді ме ант қабылдайтын күндерің?!
Күндер, күндер -
Күтер әлі алда мың,
Сеніменен ортақ,бірге арманым.
Отаныңа әскерде ант бергенің -
Сенің енді нағыз солдат болғаның!
Жарасады формасы әсем солдатқа,
Елеңдеме,алаңдама ел жаққа.
Сені адал күтемін деп әскерден,
Мен де ант бергем іштей бұл жақта.
Мейлі, айналып кетсе-дағы ғалам мың,
Саған деген сезіміме адалмын.
Күтіп жүрмін,жүректе бар сағыныш,
Орны бөлек болғандай-ақ бағаңның.
Маған жақсы үміт артып сенгенің,
Елесіңмен сағынышымды емдедің.
Сені күткен бұл жүректің тілегі -
Сенің маған аман-есен келгенің.
Хат жазамын сағынышпен жырақтан,
Жүрек бірге, тек өзіңді ұнатқам.
Жаттығуда болса ауыр,сол сәтте
Сөздерімді есіңе ал да,қуаттан.
Отанымыз - бізге бүгін іргелі ел,
Үміт күтер Отан үшін бізден ел.
Қызметіңді абыроймен аяқтап,
Бізге де әлі табысатын күн келер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зейнеткер ұстаздарға арнау

  • 0
  • 1

Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер.

Толық

Жас ұстаз сөзі

  • 0
  • 2

Білімнің гүлін біз
Жинадық таңдарда.
Қол создық бүгін біз
Ұстаздық арманға.

Толық

Сұлулық таңы кеудеде өмір сүреді

  • 0
  • 0

Бақыттың бағын белгісіз болып табары,
Аңсаған жүрек ағысын іздеп барады.
Ұната тұрып, сезімі іште тұншығар,
Қыз сезім ғажап шынайы сүйе алады.

Толық

Қарап көріңіз