Жалтыр құла – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жалтыр құла» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1148
Үйірі жалтыр құла көк аланың,
Жігітке жоқ пайдасы көп жаланың.
Теріс арқау жиырманың толқынында,
Бір жауы өсек-аяң бозбаланың.

Мақпалдың қызыл күрең түгіндейсің,
Қырмызы алтын зердің жібіндейсің.
Ішімде қатқан мұзым жібімейді,
Сыртымнан айтып сөзді күлімдейсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері