Сөйле, қалқам-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сөйле, қалқам-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қасың сұлу қағаздың қаламындай,
Туылғансың, жаным-ау, қалай мүндай, қалқам-ай.
Әкең сұңқар болғанда, шешең — пері,
Бір кісіден тумайды бала мұндай, сөйле, қалқам-ай.

Тауға шықсам сайрайды тау кекілік,
Қар жауғанда қалады жол бекіліп, сөйле, қалқам-ай.
Тісің науат болғанда, тілің — шекер,
Қабағыңнан тұрады нұр төгіліп, сөйле, қалқам-ай.

Жирен тай ма, ақ тай ма, қызыл тай ма,
Айдап салсам жатады терең сайда, сөйле, қалқам-ай.
Айтар болсаң сөзіңді бүгін айтшы,
Бүгіннен соң бір ауыз сөзің қайда, сөйле, қалқам-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері