Жамал-ай (3­ нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жамал-ай (3­ нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2094
Алқызыл басында-ау, ала ноқта,
Айналайын, қарағым, еркем тоқта.
Кезең жерде-ау кез болған едің, Жамал,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма, жоқ па?

Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым, қалқам, саған-ай?

Ұстағаным қолыма-ау бұйда пышақ,
Жамал, сені көрдім де жайдым құшақ.
Қасіретіңе, Ақжамал, болдым риза,
Айдын көлдің аққуы саған ұқсап.

Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым, қалқам, саған-ай?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері