Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.12.2021
  • 0
  • 0
  • 2015
Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер,
Бойжеткен боп Аналар да серт берген.
Сезім-жыр Болса-дағы кей ұғымдар көнерген,
Ізгілікті үлгі тұтып келем мен.
Сондықтан ба адалдықтың бастауы,
Махаббатты жырға қосқам өлеңмен.
Алсақ тәлім алдық-дағы өткеннен,
Өткенімнен бүгінгіге жеткем мен.
Жігіт болып сүйген бір кез Әкелер,
Бойжеткен боп Аналар да серт берген.
Жүректерді жалғастырып ізгі леп,
Қанша иыққа асылды екен қыз білек.
Қанша жігіт бола алды екен Төлеген,
Қаншама ару бола алды екен Қыз-Жібек.
Қаншама жан естіместен жыр-үнді,
Тағдырының соқпағына бұрылды.
Қаншама адам махаббатқа қол сілтеп,
Қанша тұрмыс сезімсіз-ақ құрылды.
Жүректердің нұрына анық бөленген,
Махаббатты қостым жырға өлеңмен.
Сезім деген адалдық қой, ендеше,
Адалдықты ғана жырлап келем мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері