Өлең, жыр, ақындар

Қалталар

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1224
Бір-біріне барабар
Бізде екі бала бар.
Бірінің аты Балтабай,
Екіншісі Қалтабай.
Жұлдыздан да көктегі
Қалталары көп тегі.
Бірінен мақта шығады,
Бірінен шаппа шығады.
Бірінен сым шығады,
Бірінен жүн шығады.
Бірінен тарақ шығады,
Бірінен парақ шығады.
Бірінен сабан шығады,
Бірінен қалам шығады.
Бірінен айнаның сынығы шығады,
Бірінен өзінің шұлығы шығады.
Бірінен дәрі шығады,
Әрі іздесең, әлі шығады...
Әйтеуір, қойшы,
Не керек, соның бәрі шығады.
Ұры қалта,
Ірі қалта,
Міне, қалта,
Әне, қалта.
Сөздің қысқасы,
Киімінің бәрі қалта.
Іш қалтасы, жанқалтасы,
Сырт қалтасы, тар қалтасы,
Жең қалтасы,
Кең қалтасы,
Ығай-сығай бар қалтасы.
Етек қалта, төс қалтасы,
Әйтеуір, жоқ бос қалтасы...
* * *
Тап осындай Қалтабай
Арамызда бар талай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыз

  • 0
  • 0

Алматының қақ төрінде
Мейрамхана орналасқан.
«Жұлдыз» деген ат берілген,
Ғимарат жоқ одан асқан.

Толық

Ақсүйек кеп Ақылгөй

  • 0
  • 0

Ақсүйек кеп Ақылгөймен отырды,
Әңгіме айтып не түрлі.
«Айтшы, – деді ол, – көп білетін данасың,
Адамдардың ойын оқи аласың.

Толық

Әдемі қыз

  • 0
  • 0

Әдемі қыз, әдемі –
Сұлулықтың әлемі,
Жігіттердің жан емі,
Одан бәрі дәмелі.

Толық

Қарап көріңіз