Өлең, жыр, ақындар

Дүниеден өтті

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1731
(Қадір Мырзалиевтің рухына)

Туған елге жарық төгіп тұратын,
Дүниеден өтті бүгін ұлы ақын.
Жанарында үйірілген тамшы жас,
Соңғы өлеңі сезім болса ұғатын.
Аянбастан қызмет қылып халқына,
Жанын қиды адал таза қалпында.
Түгендеген ұлттық арман мүдесін,
Жыры қалды мәңгілікке артында.
Оқып оны шыға алмайсың ойлардан,
Замананың бетке ұстары ойлы адам.
Көкірегіне бар түйгенін ақтарып,
Мырза-Әлі, Қадырмын – деп, қол қойған!
Жаздырмастан келер күнге сағатын,
Қайдан білген соңғы соғар сағатын.
Қаламсабы құлап жатыр жанында,
Қалдырғандай аманатқа сом алтын.
Еріксізден күрсінесің қия алмай,
Поэзия көші тоқтап қалғандай.
Шын махаббат сезіміне көндірген,
Еңбегінен тебіреніп көз алмай.
Талай балғын жас дарынға берген қол,
Елге керек тапжылмайтын ер еді ол.
Жұлдызы еді даналықтың ерліктің,
Сыр шертеді ақын өткен қиын жол.
Музасына ғашық болып арбалып,
Ішкі мұңын айтқан емес тіс жарып.
Сыйға тартты шындық ойды көркемдеп,
Бар сенгені өзі сүйген нар халық.!
Қайран ақын аласұрған теңіздей,
Қызыл тұман азабына езілмей.
Өлгенде де жоғалтпай өз мендігін,
Көрсете алып жомарт мінез кеңдігін.
Ойға батып жатырғандай көз ілмей.
Өрлігіне өзің қайран қаласың,
Жүрегінің емдемек боп жарасын.
Іздеуменен жыр дария арнасын,
Оның жаны елес болып кезгендей
Өзі туған шексіз - шетсіз даласын.
Ата жұрты көшкен жерге таңданып,
Боз жусанды жасыл қырда дем алып,
Сүйген жүрек сезімдерін жырлауға,
Келетіндей ертең қайта оралып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс

  • 0
  • 11

Жеңіс! Жеңіс тебіренткен бар жанды,
Қуаныштан жанарлардан жас тамды.
Халқым аңсап, күткен ізгі үмітпен,
Бейбіт күннің ұлы маршы басталды.

Толық

Абай бабам

  • 0
  • 0

Абай бабам! Киелі пірім менің,
Адамзатқа нұр төккен күнім бе едің?!
Шуағыңды ала бұлт тұмшаласа
Боз торғайдай мұз кешкен дірілдедім.

Толық

Шахан Мусин

  • 0
  • 0

Жауап берші ұлы көсем данышпан,
Елім менің өлді неге аштықтан.
Ашынғаннан тіке қойған сұрақты,
Қайран Шақаң дара туған арыстан.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар