Өлең, жыр, ақындар

Жарық жұлдыз

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2178
(Мұқтар Шақановқа)

Биігінде Абай атты шың құздың,
Өзіндей боп жарқыраған жұлдыздың.
Жырларымен жылу төгіп халқыма,
Өрге тартып болам деген ұл-қызын.
Қанаттарын қияға еркін қақтырып,
Таңдандырған ерлігімен жер жүзін.
Әр ізінде баға жетпес ерлігі,
Отан сүйгіш қасиеті,кеңдігі
Жолдар ашып алып шығар жарыққа,
Тебірентіп Түркі тектес әлемді
Қара шаңырақ кие толы төрінен,
Ол оқиды «Алаш» атты өлеңді!
Ана тілім – бақ нұрымнан ту ұстап,
Желтоқсанда мұзды жарып қол бастап.
Мыңның ісін ізсіз көкке көтеріп,
Адамзаттың ақылына ой тастап,
Бабам салған ізгілікті жолменен,
Айта білген ел тілегін ең асқақ!
Сескенбестен қызыл дауыл бұлтынан,
Мәскеуіңнің мінбесінен жұрт тұнған.
Көкте ойнаған нажағайдай жарқылдап,
Әділдіктің шырақ жағып отынан.
Қара жаққан кең пейілді халқыма,
Құзғындарға жебе болып атылған!
Жоғын жоқтап әлдилеген елімнің,
Мұның айтып жеткізе алып өр үнін.
Ауыр жүгін иығымен көтеріп,
Орда бұзған отты сөзбен ер ұлдың,
Бар болмысы намыс кектен жаралып,
Алты Алашқа аян қылған ерлігін!
Жүрегінен жарып шыққан жыр екпін,
Өзі дерсің құшақ ашқан көктемнің.
Бас иесің абызыңның алдында,
Бабалардың жеткізе алған өрт демін,
Елестейді көз алдына Көк Бөрі,
Ой салады аңыз болған Күлтегін!
Дабыл қағып елім деген арыстар,
Естіледі ғасырлардан дауыстар.
Шақырады ерлікпенен елдікке,
Бақыт құсын туған елге табыстар.
Тыңдай білсең еркіндік ғой бар әні,
Омырауы тұнған ұлттық намыс-ар!
Адаспасқа келер ұрпақ жолынан,
Өрт өлеңді өре білген жалыннан.
Тамшылатып қан құяды қаныңа ол,
Тәңір берген ақындықтың тағынан.
Жоғалтпауға тарих-ана киеңді.
Арылуға рухсыздықтың сорынан!
Ұға білсең алғыр ұғым ойы анық,
Оза тапқан тізгін үзіп топ жарып.
Серпілтеді жасық ойдан жаныңды,
Халқым үшін аянбаған Шаханов!
Маңдайына туа біткен қазақтың,
Жарық жұлдыз сәуле төгіп жап-жарық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нарынбай батыр үні

  • 0
  • 0

Кел ақыным жазған ерлік дастанын,
Аласұрып кеудеңдегі жас жаның.
Отан атты тарихыңның киелі,
Іздедіңбе туған жерден бастауын.

Толық

Кенесары ханның жүрегі

  • 0
  • 0

Ақ сүтін еміп арлы елдің,
Дүниенің ашқан есігін.
Мен қазақтың ханы едім,
Кенесары есімім!

Толық

Шахан Мусин

  • 0
  • 0

Жауап берші ұлы көсем данышпан,
Елім менің өлді неге аштықтан.
Ашынғаннан тіке қойған сұрақты,
Қайран Шақаң дара туған арыстан.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер