Бақшаңда егіз қайың тұрсыншы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Бақшаңда егіз қайың тұрсыншы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Бақшаңда егіз қайың тұрсыншы,
Алыстан іздеп мен келсем.
Қалып қойғым кеп елжіреп кетем,
Топ қайың өскен жер көрсем.

Қайыңның сыбдыры бөлекше сыбдыр,
Жазылып бітпес шығарма.
Мазаламасын жандарға ұқтыр,
Тамыздық отқа қыларға.

Тұлғасы аппақ, жүрегі жасыл,
Аруы ағаш біткеннің.
Балтыры талып ол да күтеді,
Сен мені жолдан күткен күн.

Өтеді мынау бақытты кезім,
Мезгілге жүйрік жетпейді.
Әр көктем сайын кінәсіз сезім,
Қайыңмен бірге көктейді.

Бақшаңда егіз қайың тұрсыншы…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері