Қазан айы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қазан айы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2895
Сағағына ілінген өмір семген,
Көз үйреніп күзге де,көңіл сенген.
Арша менен Шыршаның жайы бөлек,
Тасты жарып шыққан соң, өміршең бе ең?!

Қайтқан құсқа сыңсыған, "сабыр";десіп,
"Осы жерден көктемде табыл"десіп.
Тас төбеңнен сағыныш төгілгенде,
Бақтың ішін кезсең бір,сағым кешіп.

Жез бен Алтын, бұл шақтың туысы ма?
Қазан-жылдың көл-көсір ырысы ма?
Құшағыма сыймаған қуаныштай,
Төгіледі жемістер; уысыма...

Күн-бағбан,бұл шақты тұрған баптап,
Бұрынғыдан жүрісін жылдамдатпақ.
"Сұғанақ қыс; сұқ қолын малмасын" деп,
Жауып қойдым "Қазанға" жырдан қақпақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері