Бір әуен бар

Бұл бетте «Бір әуен бар» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1001
Топырақтай гүл тозаңын жасырған,
Күн сезімін аңсаған.
Күткен едім, жолығатын сол күнді,
Қайда жүрсең болшы аман!
Жай тозаңнан гүлге айналу оңай ма?
Мейір керек шуақты.
Қажеті жоқ жалғандық пен көлгірлік,
Болсын сезім тұрақты.
Қанаттары гүлмен өңдес көбелек,
Келер ұшып ғайыптан.
Қанатынан бейіш нұры себелеп,
Уайымнан айыққан.
Билесе тек бақыттылар билесін,
Таласпаңдар,құлшынып.
Екі сезім таба алмаса үйлесім,
Өтер іштей тұншынып.
Күйсандықта ойналмаған бұрын еш,
Бір әуен бар.
Қинайды.
Жабықтырды,тым көңілсіз бүгін кеш,
Келер күн не силайды?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір әуен бар өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Бір әуен бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір әуен бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір әуен бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері