Күз дегенің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Күз дегенің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1045
Жерге түскен жемістер, солған гүлім.
Айтып жатыр,бір мезгіл болғандығын.
Көңілшектеу жапырақ тез сарғайып,
Сабырлысы сездірмес тоңғандығын.

Жиі-жиі бұлт бізге жуықтайды.
Көлге бала жүзуге құнықпайды.
Жылтыр сөзі секілді кейбіреудің,
Көрінгенмен күн көзі,жылытпайды.

Сағынышты есіңе сала жүрер,
Сарғаюдың азабын дала білер.
Жәндік біткен тығылад жер қойнына,
Қайтқан құс пен қалған құс-бәрі әбігер....

Мезгіл осы дыбысын білдірмеген,
Одан ешкім қашуға үлгермеген.
Күз - солғындау бояудың жиынтығы,
Күз дегенің - шертпе күй, күмбірлеген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері