Саған жаным ашиды – Сүндет СЕЙІТОВ

Бұл бетте «Саған жаным ашиды» атты Сүндет СЕЙІТОВ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

САҒАН ЖАНЫМ АШИДЫ...

Саған жаным ашиды, ашиды да,
Сенен аулақ ұстаймын досымды да.
Сенен алыстатамын бар кесірді,
Саған тәуелді етемін ғасырды да.

Саған ғашық етемін енді өзімді,
Саған ашық етемін көр көзімді.
Саған асық етемін сері кезімді
және сыйға тартамын сол кезімді.

Ақын бар да шығар-ау, менен ұлы,
Шығар бәлкім оның да кемел үні.
Саған деген құмардан туар мүмкін,
Қазақ эротикасының шедеврі.

Жан-тәнімді күйдіріп азап оты,
Соған ақын тап болды, жазалы аты.
Саған қалай жетемін, мен шарасыз,
Қазақ Республикасының азаматы?..


Пікірлер (2)

Ақнұр

Әсерлі күшті.

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері