Өлең, жыр, ақындар

Аула ішінде аппақ гүл көміп есік

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 703
Аула ішінде аппақ гүл көміп есік,
Жұлдыздарым жанады өліп-өшіп.
Өң мен түстің ішінде талықсыдым,
Өлең түсті қызғалдақ өмір кешіп.
Көлеңкеден күнгейдің жырын іздеп,
Тоғысады тау жақтан қырық із кеп.
Көк майсаның үстіне құлап едім,
Көктем келіп оятты тұрыңыз деп.
Қайда барып мен енді тұрақ табам,
Ғұмыр шіркін тұрады бір аптадан.
Қызғалдақтар жайнады ойда жоқта,
Қып-қызыл күн секілді қыр аттаған.
Көз жасымды құрғатты көктем ішіп,
Жарысуға гүлдегі жетпеді шық.
Адаспастан, дариға, тапты мені
Тырналардың дауысы жеткен ұшып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты

  • 0
  • 0

Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты,
Көлеңкесін көктемнің таң ұзатты.
Жылқылардың желбіреп жалы қатты,
Қара жолддың қопырап шаңы жаттты.

Толық

Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан

  • 0
  • 0

Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан,
Теңселген бұлттың дидарын асқақ сес басқан.
Бүршіктеп талы, көгерген көктем көңілмен
Жайнаған дүние, сенімен әзір қоштаспан.

Толық

Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан

  • 0
  • 0

Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан,
Шабытым шалқып ақты-жарқын алаң.
Көтеріп аппақ жалау Күн жолымен
Адымдап келе жатыр Алтын адам.

Толық