Өлең, жыр, ақындар

Ертек

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 865
Ерте, ерте...
Ерте, ерте, ертеде
Жер бетінде болыпты бір жертөле.
Жертөледе тұрыпты бір жас жігіт
Тері киіп, құрақ төсеп көрпеге.
Мерген екен – көз мерген де, қол мерген,
Талай аңды алды-артына өңгерген.
Асқандығын теңестірер пенде жоқ,
Шапшаңдығын салыстырған желдермен.
Ауа таза, аспан ашық, кең әлем,
Бар табиғат соған шипа, соған ем.
Атса құлап, қуса жеткен керемет,
Жұмысы жоқ жүйке жейтін санамен.
Сол, сол мерген, тап сол мерген бір күні
Көріпті бір қырдан қызыл түлкіні.
Қыл садақтың зымырапты жебесі,
Түлкі бірақ құламапты...күлкілі.
Қызыл түлкі қайқаң етіп құламай,
Құйрық бұлғап мерген алдын бір орай
Орғып, орғып жөнеліпті, шыдамай
Жігіт көзін ашыпты алғаш шырадай.
Жігіт көзін ашыпты алғаш шырадай,
Ойлапты алғаш: «Кетті қалай құламай?»
Қызыл түлкі қылығы мен қулығы
Санасына қадалыпты сынадай.
«Дүние – түлкі» дейді қазақ, ойдан бұл
Айта салған емес шығар байлам құр.
Ер жігітті есіркеп ап, дүние-ау,
Есінен бір танатындай ойландыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертек өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ертек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ертек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар