Көкте зырлап барады – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Көкте зырлап барады» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5836
Көкте зырлап барады
Алтын жұлдыз.
Жерде тұрып қарады
Әлия қыз,
Алтын жұлдыз алысқа
Кетті ағып,
Кетті ағып, жас қызға
Бір ой салып.
Алтын жұлдыз зымырап
Кетті алыс.
Кетті алыс мылтық ап
Бір жап-жас қыз...
Майдан кешті мылтық ап
Әлия қыз,—
Өр төсінде жарқырап Алтын жұлдыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері