Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Заводта

Бұл бетте «Заводта» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2018
  • 0
  • 1
  • 9052
(Мәскеудегі «Орақ - балта» деген шойын, темір қорытатын заводта)

Қабат - қабат салынған,
Бөлек - бөлек болат үй,
Электр шамы жағылған,
«Тұр, жұмысшы, киім ки!»
Деп, гудогі гүрілдейді.
Ұршықтар ойнап, билеп би,
Дөңгелектер дүрілдейді.
Машинада қоңыр күй...
Арыстандай толғанып,
Жалын көкке бойлайды;
Жолбарыстай жынданып,
Темір тербеп толғайды.
Толғатқандай отты пеш,
Салады бебеу ойбайды.
Қолы - басы күйелеш,
Онымен жұмысшы ойнайды.
Қап - қара тұтқыш қаһарман,
Күйелі қара құмандай,
Булыға буға қақалған,
Тұнжырайды түтін тұмандай.
Қызыл темір қылмаңдап,
Ырғиды оқжыландай.
Жұмысшының жылдамдап,
Қышқашы қысады қырандай.
Шұрқ - шұрқ еткен шойын шоқ,
Қазанда қайнап бітеді.
Бөренедей темір от,
Тербеліп тесікті өтеді.
Сол бөрене ұзарып,
Жіптей ұзап кетеді.
Машина шеге шығарып,
Зырылдап зырқ - зырқ етеді.
Осыны көрген қазақтың,
Ойын мына ой орады:
«Бәріне де жан - жақтың
Осындай оттар толады.
Тегістік деген ұлы үйге
Осылар шеге соғады.
Күндердің сондай күнінде
Біздің де ел сондай болады».


Пікірлер (1)

Темірбек Ләйлә

Заводта шығармасының негізгі ойы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заводта өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Заводта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заводта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заводта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері