Мақсаты: «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
Міндеттері:Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.
Бүгін біздің мектебімізде өтетін «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» ойынына хош келдіңіздер. Бұл сайысқа екі топ балалары қатысады:
1.«Білгірлер» тобы. Біліммен өсіп,гүлдейміз,
Намысты қолдан бермейміз.
2.«Ақылдылар» тобы.Біздің ұранымыз:
Ақылды дара баламыз,
Білімге жол саламыз
Бүгінгі жюри мүшелерімен таныстырып өту.
Жүргізуші:Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра.Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
1-ші бөлімге кезек берейік.
1 - бөлім: «Жалғасын тап» (мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1 – топқа: 1.Тіл тас жарады,.... ( тас жармаса бас жарады)
2топқа: 1.Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)
1 топқа: 2.Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
2 топқа:2.Өнер алды- (қызыл тіл)
1топқа:3.Туған жердей жер болмас,(туған елдей ел болмас)
2 топқа: 3.Әдепті бала –арлы бала,Әдепсіз бала(сорлы бала)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі-жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды.
2– бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.
1/.Үй ішін аралап
Қаптарды жарып,
Түнде көп жортады,
Мысықтан қорқады ( тышқан)
2/.Желден желігеді
Судан шегінеді. ( от)
3/.Бұрасаң тетігін,
Өлшемін түн мен күн,
Соғады жүрегі.
Әркім-ақ біледі. ( сағат)
4/.Еріксе, құйрығымен ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. ( мысық)
5/. Ақпыз, сары, көкпіз,
Жүреміз жайнап,
Түрлі, түрлі көппіз.
Арасында шөптің. ( көбелек)
6/.Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз)
7/.Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
8/.Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
3 бөлім:Жаңылтпаштар айтудан жарыс:
1.Суға салдым,
Судан алдым
Суға малдым
2.Тақпақ жатта
Жатқа жатта
3. Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
– Неше кіші ішік піштім?!
4.Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!
4 бөлім:Слайдқа қарап ,мақал-мәтелдерді табайық.
1.Жеті рет өлшеп,бір рет кес
2.Білім инемен құдық қаазғандай.
3.Көз қорқақ,қол батыр.
4.Ата –бәйтерек,бала жапырақ.
5.Әке-асқар тау,
6.Кітап-алтын қазына.
7.Отанды сүю.отбасынан басталады.
8.Ел іші,алтын бесік.
9.Әкеге қарап,ұл өсер,
Шешеге қарап,қыз өсер.
10.Ұяда не көрсең.ұшқанда соны ілерсің.
11.Бала тілі,бал.
12.Бұлақ көрсең,көзін аш.
13.Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті.
5.Қорытындылау.Қазылар алқасына ата-аналарға сөз беру,іс-шараны қорытындылау.
Айша
рахмет, пайдама жарады
Аружан
Рахмет көп көп
Аружан
рахмет көп көп
Сабыр
Пайдама жарады
Айша
Супер