Ақмола облысы Зеренді ауданы Березняковка орта мектебі
«Алтыбақан аясында» атты Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының
өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған қойылым
Пән мұғалімі : Байшураева Сана Энбекқызы 2012-2013 жыл
Көкше жерінің белгілі ақыны, композиторы, әншісі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі, шығармашылығы жайында және зерттеу тобының бір жыл бойы Үкілі Ыбырай туралы естігендері, оқығандары бойынша есеп беру сабағы.
Көрнекіліктер: алтыбақан, домбыра, бейнетаспа,табиғат көрінісі Сахнаға алтыбақан құрылады, әр түрлі гүлдер,ағаштар өсіп тұрғандай сахнаны әсем Көкше табиғатындай безендіру.
Музыка: Қойылым басталғанда, шертпе күй ойнап және құстардың әсем үні шығып тұрады.
Алтыбақан маңайында өлең оқылып жатқан кезде, 2-ші қыз бала келіп, оқылған өлеңге сүйсініп, сөз сөйлейді. Осылай соңына дейін алтыбақан жанына жастар жинала береді,келген әр оқушы Үкілі Ыбырай жайлы зерттеп,білгендерін айтады, өлеңдерін оқиды,әндеріг орындайды.Осы алтыбақан басында Т.Қажыбаевтың “Ұмытпа мені,Гәккуім” пьесасынан көріністер қойылады.
Оқушылар алтыбақан маңайында өздерін еркін ұстап, оқып,білгендерін жұрт алдына жеткізеді.
Барлық қатысушылар ұлттық киімде болады.
Сценарий
Музыка, орман ішіндегі құстардың үні, ағып жатқан өзеннің сылдыры
1оқушы: Ән мен күйге бір сусындатып жан шөлі,
Мол қызыққа кенеледі әнші елі,
Сексен көлді шайқалтады үнімен
Сарыарқаның бұлбұлдары, сал-cері.
Өңшең бұлбұл, өңшең дүлдүл шындарын
Жаңғыртады Көкшетаудың шыңдарын.
Әзілімен, қалжыңымен жарасып,
Әнмен ғана білдіреді шындарын.
Көкшетауда осындай бір думан-ды
Гүлдер бүгін әнмен бетін жуған-ды.
Өңшең бұлбұл, өңшең дүлдүл дарындар
Бірін-бірі өнерімен буған-ды.
2- оқушы. Қандай керемет! Расында да,бұл сұлу Көкше жерінде сұлу әнімен,әсем жырымен небір сал-серілер өмір сүрді емес пе? Соның бірі- Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы.Ендеше, бүгінгі ұрпақ Ыбырайдың кім екенін біле ме екен?
3-оқушы. Т.Қажыбаевтың "Жалғызтау балладасы" атты өлеңін оқиды.
Жалғызтауды жалғыз қыран мекендеп,
Күнде самғар зау биікке жетем деп.
Саңқылдаған үнін тыңдап төңірек,
Қуанатын шәулім есен екен деп.
Қыран шәулі шалдықпайтын самғаудан,
Жалықпайтын құз қиясын таңдаудан,
Жалпақ дала ән-бесікте тербеліп,
Сілкінетін құзар басын таулы аудан
Қарағайлар қолын созып заңғарға,
Жел оралып қайың, терек, талдарға,
Қыран үнін тыңдар еді-ау толықсып,
Талмау шақта адам түгіл аңдар да.
Жан жадырар жаны бөлек сазды ұғып,
Тыңдар еді-ау жапан дала, жазғы бұлт.
Егілетін "Қалдырған" боп қарт жүрек,
"Гәкку" болып егілетін назды үміт.
Жалғызтаудан жамыраған бұлақ та,
Әнге елтіп жүгіретін жыраққа.
4-оқушы: Қоскөл тұстан көтерілген аққу үні,
Күні бүгін күмбір-күмбір құлақта.
Қыран ұшты Жалғызтауға қона алмай,
Сол ұшқаннан кете барды оралмай.
Бауыр басқан мекенінен бездірген,
Қандай ғана безбүйрек жан, ой, аллай!
Қыран кетті Жалғызтауын қия алмай,
Көздің жасын төгіп өтті-ау тыйя алмай,
Артта қалған қарт қыранның әніне
Кей пенделер қосылып жүр ұялмай,
Ұялмайды. Қосылады. Қосылсын.
Ән құдірет неге оған тосылсын.
Жалғызтаудан самғап ұшқан сұңқар-ән,
Келешекке сапар тартып жосылсын.
Жалғызтауың жетім қалды, қыран жоқ.
Қыран да жоқ, оны жоқтар ұлан жоқ,
Ұланынан, қыранынан айрылған,
Бүгінгі ұрпақ соның мәнін сұрар көп.
Мұғалім: Жалғызтау кімнің мекені? Бұрын бұл жөнінде естігендерің бар ма?
5-оқушы:Неге білмеске? Ол дүйім қазаққа өзінің "Гәккуімен",
'' Қалдырғанымен '' атағы шыққан Үкілі Ыбырай атамыздың дүниеге келген жері емеспе? Ол Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Сергеевка ауданында Жалғызтау жерінде 1860 жылы туды. Содан ол Солтүстік Қазақстан облысының Өскен ауылына көшіп келіп,қалған өмірін сонда өткізеді.
6-оқушы:Иә, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының екі ұл болған, бірі- Сандыбай, екіншісі- Шалғынбай. ЫбырайданЕсентемір, Өстемір деген екі бала туады. Немересі Елелемес апайдың айтуы бойынша,Өстемір ерте қайтыс болады да, Есентемірден Елемес деген қыз туады. Бұл деректі мен Елемес апайыдың өз аузынан жазып алған едім. Елемес апа- қазірде он екі баланың анасы. Өскен деген жерде ұлын, ұяға қызын қияға қондырған елге сыйлы ана. Елемес апа 3-4 сынып оқып жүргенде бұл 1948-1949 жылдары еді, халық жауының немересі деп, мектептен шығарып та жіберген екен.Немересінің айтуы бойынша, .Ыбырай әсем әндері мен елді қуантып , ойын-тойлардан бағалы киім киіп келеді екен. Қартайған шағында атасын туыстары ‘’кісі өлтірді’’ деп өтірік жала жауып, көре алмай, көрсетіп жіберген. Туыстары: “бұл бір жерге барып, кісі өлтіріп, киініп келді” деп, жала жапқан. Содан Ыбырайды, тағы жанында 3 шалды ОГПУ айдауға әкетеді. Әкетіп бара жатқанда,ашынған Ыбырай:
“ОГПУ деген сотыңыз,
Жүріп тұр гой хотыңыз.
Төрт шалды айдап барасың,
Қисайды біздің .....”,-
деп, бір ауыз өлеңмен жаңағыларға тиісу арқылы өзінің қайсар мінезді екенін байқатқан
7- оқушы: Иә, Ыбырайдай ұлы адамға туған жердің топырағы да бұйырмаған. Осылай нақақтан-нақақ бір істі болған Ыбырай атамыз абақтыдан абақтыға қамалып, ”халық жауы” деп аталып,”Барсакелмес ” деген жерге жіберілген екен. Артынан бір зерттеушілердің айтуы бойынша, кемеде кетіп бара жатқан кезде, кеме аударылып, сол жерде дүние салған дейді. Шіркінай, десеңші!
8-оқушы:Көкшетаудан айдауға әкетіп бара жатқанда,”Қоштасу” деген өлең шығарған. /Бұл өлеңді де немересініңаузынын жаып алдық/ соны оқып берейін
Айғайлап ән салайын халқым менің
Кең заман дүние маған тарын келді.
Атығай, Қарауылға тегіс сәлем
Тыңдаған адам болса бұл өлеңді.
Дария -көл құрғақ құмға аяқ бастық
Кең жайлау Сарыарқамен амандастық.
Көк зеңгір көрінетін Жалғызтауым,
Туған жер топырағымен бақұлдастың.
Адамға жазды нәпсі әлдеқайдан,
Болмайды-ау бұл сапардан ешбір қайлам.
Айғайлап күңіренткен, Көкшетауым,
Көсіліп мәкән еттім ордам саған.
Темір жол, міне келдік, аяқ бастық,
Кең жайлау Сарыарқамен бақұлдастық.
Жиылып өңшең маңғаз зар жылайды-ау,
Көзінен қанды жасы араласып.
Будақтап, бұрқыратып жөнелт енді,
Көкшетау, айналайын, керем бе енді?
Кешегі Ыбырайдың қамыққанын
Қарауыл аруағы біле ме енді?!
Қан қара алаш демей қолымды арттым,
Кез келген жақсы-жайсаң таңырқаттым.
Ортамда бұлбұлындай сайраушы едім,
Ойланбай жалған дүние-ау, бұған жеттім.
Жалп етіп етек жайған жерім қалды,
Тізем тиіп бірге өскен ерім қалды.
Ортаңда аққу құстай саңқылдаушы ем,
Есембай, Шоқтыбайдай елім қалды.
Бірдеме айдап қалайық шықтық шекке,
Алла рақым қылмаса, үміт етпе.
Дәм бітіп, қаза жетіп, өле кетсем,
Бақұлдық төрт момынға айттым көпке.
9- оқушы.Шіркін-ай, сайын даланы сахна қылған сал-серілер- ай! Бір қызығы, Ыбырай атамызға халқы неге «үкілі»деген қосалқы атты берген екен?
9-оқушы: Халқымыз: “жүз рет естігенше,бір рет көр”демей ме? Ендеше, бұл сұрақтың жауабын мына бір көріністен тамашаласақ қайтер еді?
Көрініс. Төлеген Қажыбаевтың «Ұмытпа мені, Гәккуім» атты дарамалық шығырмасынан үзінді. / Әкесі және Ыбарайдың диалогы/
10-оқушы: Ал енді, Үкілі Ыбырайға ақындық қасиет қалай дарығанын сіздер білесіздер ме?
Қарағайлар қарауытып бұғыдай,
Мауыт аспан алтын шашқан шыныдай.
Төсегінде түс көреді талайлар,
Соның бірі-ұста бала Ыбырай.
Түс емес, бір көріп жатқан ертегі,
Сандыбайдың кәдуілгі “тентегі”.
Жұпар көлдің жағасында желдетіп,
Безілдете домбыраны шертеді.
Сегіз жасында түс көрген екен. Түсінде үлкен дарияда қалқып кетіп бара жатқанында шал кездесіп,Ыбырайдан: “Балам,домбыра аласың ба, көнек аласың ба?”-дегенде, Ыбырай домбыра алады. Міне, сол күннен бала Ыбырайдың бар ықыласы өнерге ауады екен
11-оқушы:Үкілі Ыбырай қисық мінезді, ат қойғыш адам болған. Немересінің айтуы бойынша өз әкесіне”Қара мұрын” деп ат қойған.
Ауылында Қосшығұл деген екі әйелі бар, берекесі жоқ, салақ бай болған. Соған былай депті:
Қосшығұлдың жегені шикі жілік,
Екі қатын отырады текке күліп.
Ожау, оның сыртында битін сығып.
Бетіңменен делқұлы тентірейсің,
Май берсе, нан орнына жеңкірейсің,-
деп, байдың берекесіздігін айтып, бетіне басқан.
12-оқушы:
Айдала....жапан түзде жалғыз атты,
Сияқты сыңары жоқ жалғыз аққу.
Бозінген ақ ботасын жоқтағандай,
Аңыратып”Гәкку”әні бара жатты.
Ал, осы ”Гәкку” әні қалай туды, кімге арналғаны жөнінде мына көріністен білейік. «Гәкку» әні орындалады.
Көрініс. Төлеген Қажыбаевтың «Ұмытпа мені, Гәккуім» атты дарамалық шығырмасынан үзінді./ Ыбырай мен Какиманың диалогы/
13-оқушы:Құс біткен сол бір әнді сайрағандай,
Жүрегін“Гәкку” әні жайлағандай.
Қанатын бозторғайдың ақша бұлтқа,
Бейне бір “Гәкку” әні байлағандай.
14-оқушы:”Ән-көңілдің ажары”демекші, Ыбырай атамыздың барлық әндері ”Гәкку”сияқты, құлаққа жағымды, көңілге қонымды болған. Сол себептен болар, сонау Алматыдан Сәбит Мұқанов Өскен ауылына, немересі Елемес апайдың үйіне іздеп келіп, тұңғыш Ыбырай туралы газет бетіне мақала жіберген. Одан кейін Еркеш Ибраһим “Гәкку” атты поэма жазған. Жергілікті ақынымыз Төлеген Қажыбаев та Ыбырай атамыздың рухына арнап “Ұмытпа мені, Гәккуім” пьессасын жазған. Міне көрдіңіздер ме өзі өлсе де, артынан ән-жыры қалған, Ыбырай атамыздың артында іздеушілер бар екеніне көзіміз жетті.
15-оқушы:Анадан шыр етіп жерге түскенде, кір жуган, құлын-тайдай асыр салып, асық-атып, ойнап өскен туған жер кімге де болсын ыстық қой, шіркін!
Үкілі Ыбырай түрмеде жатқан кезінде туған ауылын сағынып, мынадай өлең жолдарын шығарыпты: /немересінің айтуы бойынша/
Мүдіртпе, Алла, тілімді,
Көңілге алған білімді.
Айтып бір халқым, өтейін,
Туып бір өскен жерімді
Салқын самал, көкорай
Есмырза өзен, көлім-ай
Шілдеде келіп жайлаған,
Самалың салқын, қоңыржай, -деген екен
16-оқушы:
Туса егер өнерлі елдің бақтарына
Білім ап жүрсе бәрі бақтарына
Біржан сал, Ақан сері, Ыбырайлар
Алмас еді Шалияпинді қапталына.
Иә, солай! Қайран Ыбекем-ай! Сенің де сұңқар үнің ауаға сіңіп,осылай кете барды ғой. Неткен өкініш десеңші! Еуропа сахнасынан Ыбырайлар шырқатып ән салса, кімдерге дес берер еді? Әттең ,бәрі де өкініш.
17-оқушы:Жоқ, өкінбеңіз, себебі, артында ұрпағы әуеде қалықтатып әндерін айтып жүр емеспе?
18-оқушы: Қарт жүректі елжіреткен «Қалдырған» әнінің қалай туғанын айтайын. Осы әндегі Сұраған деген кісі қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Келлер ауданы, Талап деген жердің тұрғыны. Үкілі Ыбырай бір тойда өзінің әнін сол Сұрағанның орындауында естіп, қатты риза болған.Содан соңғы шумақты «Сұраған саған аманат» деп,яғни осы әнді келешек ұрпаққа жеткізуші сен деген екен. Міне, сол Сұраған сияқты әншілердің арқасында «Қалдырған» әні бүгінгі ұрпаққа жетті. Ал бүгінгі оны ұрпаққа жеткізеді деген ойдамыз. Ал қазіргі кезде «Сұраған жанға аманат» деп бұрмалап жүр, бұл дұрыс емес
19-оқушы: Енді осы әнді тыңдап көрейік.
20-оқушы: Соңында:Т.Қажыбаевтың «Жалғызтау балладасы» атты өлеңнің соңғы шумақтары оқылады
Жастар: Иә, Үкілі Ыбырай атамыздың бойында болған қандай қасиет, дарын,талант, өнер, сегіз қырлы, бір сырлы деген осы екен ғой.. Үкілі Ыбырай әлемі біз үшін әлі толық ашылмады, оны терең, әрі толық зерттеу –біздің еншімізде. Қыздар, жігіттер, кеш қарайып кетті. Ауылға қарай аяңдайық.
Музыка: Шертпе күй ойнайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Немересі Елемес апайдың аузынын жазып алған деректер
2.Еркеш Ибрагим «Гәкку» поэмасы
3. Т. Қажыбаев «Ұмытпа мені ,Гәккуім» драмасы, «Сексен көл сырлары» атты өлеңдер жинағы.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі