«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы ( қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1. Түсінік хат
11 сынып
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірлеген.
2. Білім беру саласы оқушының технологиялық және еңбек мәдениетін, жеке тұлғаны еңбек етуге, азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеуге, бұйымды жобалау, конструкциялау және дайындау негізінде, материалдарды, энергиялар мен ақпараттарды қайта өткізуге байланысты, практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу үшін оқушылардың бастапқы түсініктері мен біліктіліктерін қалыптастыруға, нарықтық еңбек жағдайына байланысты кәсіби бейімделуіне бағытталған.
3. Оқу пәнінің мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыты қараластырып:
1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;
2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;
3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;
4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;
5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;
6) электротехника және электроника негіздері;
7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;
8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім бере отырып оқытуды көздейді.
5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.
6. Оқу міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өндеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекетті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдері меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;
2) «Қазақстан тарихымен»: қазах халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;
3) «Алгебрамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;
4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед формулаларды және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;
5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;
6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;
7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалықреволюция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;
8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және практикалық жұмыстарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;
9) «Денешынықтыру»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.
8. Технология пәнінің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген:
1) 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты құрайды;
2) 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылына 34 сағатты құрайды.
9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту нәтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды (ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндеттті шарты болып табылады.
10. оқушылардың дайындық деңгейі үш көзқарас (аспект) ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі әс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Технология (қыз балаларға арналған) 11 сыныптың соңында оқушылар:
11 сыныптың соңында оқушылар:
1) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталарды;
2) бұйымды өңдеудің негізгі технологиялық тәсілдерін;
3) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
4) дизайн туралы;
5) костюмнің түстік шешімі және принциптерін;
6) бұйым дайындау кезінде қолданылатын маталар мен әшекейлерді;
7) бұйымды өңдеудің технологиялық реттілігін;
8) дайын бұйымның сапасына қойылатын талаптарды білу/түсіну тиіс.
1) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзетуді;
2) бұйымдытігу кезіндегі технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
3) матаны және әрлеудің түрлерін таңдау;
4) бұйымды түйіндік өңдеуді;
5)бас киім, ұлттық киімді жобалау, конструкциялау және модельдеуді;
6) матаның үстіне пішімді тиімді орналастарыды;
7) пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды;
8) дайын бұйымның өлшемін жүргізуді және кездескен ақауды түзету;
9) бұйымды тігу кезінде технологиялық операцияларды дұрыс орындауды;
10) матаны таңдауды және киімді әшекейлеуді;
11) бұйымды дайындау үшін техникалық құжаттама жасауды меңгеруі тиіс.
Жеке тұлға нәтижелері, 11 сынып оқушылары
1) мемлекеттік және ана тілін білу, қазақ халқының және Қазақстан территориясында тұратын басқа этностар тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлері мен басқа құндылықтарына құрметпен қарау;
2) оқуға деген жауап кершілік көзқарасын қалыптастыру, мамандықтар әлеміне хабардар болу;
3) қоршаға ортаны қорғау мәселесінде белсенді ұстанымын таңыту;
4) адами қарым-қатынаста жоғары мәдениетін, еңбек ету іс-әрекеті процесінде этикалық нормаларын сақтауын көрсету;
5) өзідігінен білім алуға, өз мақсаттарын жүзеге асырыға және жасампаз еңбек етуге қабілетті болу;
6) ғылымның, технологиялардың және қоғамдық іс-тәжірибесінің қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес болатын біртұтас дүниетанымын басқара алуын көрсете білу керек.
Жүйелілік – әрекеттік нәтижелері, 11 сынып оқушылары
1) өндіріс саламындағы кеңінен пайдаланатын технологиялары негізіндері бойынша білім жүйесін игергенін;
2) ғылыми мәліметтерді талдауға, өңдеуге, синтез жасауға және қолдануға икемділігін;
3) таңымдық, жобалау, құрылымдау және зерттеу, шығармашылық тұрғыдан қолдану әдістерін игергенін;
4) қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологияларын игергені;
5) дамыған коммуникациялық қабілеттерін, көптілді мәдениетін игергенін; 6) мұғаліммен және жолдастарымен оқу қызметтестіктерін және бәрлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуін
7) өз сезімдерін, ойларын жіне қажеттіліктерін білдіру үшін, өз іс – әрекеттерін жоспарлау және реттеу үшін, коммуникация мақсатына сәйкес, саналы түрде сөйлеу құралдарын пайдалана білуін; ауызша және жазбаша тілдерді, монологтық мәнмәтіндік тілді игергенін;
8) экологиялық ой – пікірін қалыптастыру және дамытуын, оны практикалық еңбек ету іс – әрекетінде және кәсіптік бейімделуде қолдана білуін көрсете білу керек.
Технология 11, сынып аптасына -1 сағат, оқу жылына -34 сағат
№ |
Сабақ № |
Сабақ тақырыбы |
сағат |
мерзімі |
ескерту |
I |
|
Қазах халқының ұлттық костюмін конструкциялау, модельдеу және дайындау |
32 |
|
|
1 |
1 |
Дизайн тұралы түсінік,қазіргі кездегі киім дизайны |
1 |
|
|
2 |
2 |
Дизайннер шығармашылығы, ұлттық костюм және қазіргі киім. Пәнге кіріспе |
1 |
|
|
3 |
3 |
Көркем ансамбль ретіндегі қазақтың ұлттық костюмы. |
1 |
|
|
4 |
4 |
Ұлттық мотив бойынша қазіргі стильді киім үлгісін жасау. ҚР-ғы кәсіпкерлік |
1 |
|
|
5 |
5 |
Ұлттық колориттегі қазіргі заманауи көйлек. |
1 |
|
|
6 |
6 |
Костюмдегі стильдік шешім. КР-ғы бизнесті ұйымдастыру |
1 |
|
|
7 |
7 |
Киімді көркем безендіру приниптері. |
1 |
|
|
8 |
8 |
Түрлі қолданыстағы киімдерді көркем безендіру ерекшеліктері. Бизнес тарих |
1 |
|
|
9 |
9 |
Сәндік әрлеу түрлері: ызба, таспа, бау. |
1 |
|
|
10 |
10 |
Сәндік әрлеу түрлері: бисер, страза, кесте, кристал. Менеджмент негіздері |
1 |
|
|
11 |
11 |
Ұлттық костюмның сәнін келтіретін қосымша зергелік бұйымдар мен аксессуарлар. |
1 |
|
|
12 |
12 |
Эскиз, сызба (иық бұйымның базистік сызбасы, модельдеу жолымен). Бастапқы капитал |
1 |
|
|
13 |
13 |
Әшекей өндеу түрі, материалды іріктеу, дайындау технологиясы. |
1 |
|
|
14 |
14 |
Камзол және бас киім тігу кезінде бөлшектерді қатырмаулаға арналған аралық төсем материалдарын таңдау. Бизнес жоспар |
1 |
|
|
15 |
15 |
Ою-өрнек түрлері, бұйымды пішу, дайындау реттілігі. |
1 |
|
|
16 |
16 |
Ою-өрнек түрлері, бұйымды пішу, дайындау реттілігі. Бизнестегі инвестициялар |
1 |
|
|
17 |
17 |
Нұсқау карта бойынша костюмді жобалау және дайындау. |
1 |
|
|
18 |
18 |
Түйіндік өндеу, пішім, сызба, эскиз жасау. Қаржылық тәуекелділік |
1 |
|
|
19 |
19 |
Иық және бүйір тігістерін, бүкпені өндеу. |
1 |
|
|
20 |
20 |
Белдемше етегін желбіреуіш, желбіршек пен өндеу (моделіне қарай). Қаржылық еспетер |
1 |
|
|
21 |
21 |
Белдемше етегін желбірмен өндеу (моделіне қарай). |
1 |
|
|
22 |
22 |
Белдемшені нымшамен біріктіру. Салықтар |
1 |
|
|
23 |
23 |
Мойын ойындысын өндеу (жаға жиек немесе әдіппен) |
1 |
|
|
24 |
24 |
Жеңді қондыра көктеу және қондырып тігу Қаржыны басқару |
1 |
|
|
25 |
25 |
Жеңді қондыра көктеу және қондырып тігу |
1 |
|
|
26 |
26 |
Камзол тігу. Бизнес идеялар |
1 |
|
|
27 |
27 |
Камзол тігу. |
1 |
|
|
28 |
28 |
Камзол тігу. Бизнесті сақтандыру |
1 |
|
|
29 |
29 |
Камзол тігу. |
1 |
|
|
30 |
30 |
Тақия тігу. Қаржылық менеджмент |
1 |
|
|
31 |
31 |
Тақия тігу. |
1 |
|
|
32 |
32 |
Киімді әшекейлеу. Қаржылық менеджмент |
1 |
|
|
II |
|
Жоба |
2 |
|
|
33 |
1 |
Ұлттық костюмді жобалау және дайындау. |
1 |
|
|
34 |
2 |
Берілген модельді дайындаудың техниалық паспорты, жобаны қорғау. Қорытынды сабақ |
1 |
|
|
|
|
барлығы |
34 |
|
|
Күмісжан
ұнамады
Гулшат
Осы жоспарға сәйкес дайын күнделікті сабақ жоспары керек.
Гулшат
10-11 сыныптың дайын күнделікті сабақ жоспары керек
Мукенова Гайнигуль Нигметовна
10-11 сыныптың дайын күнделікті сабақ жоспары керек 19.09.2017
Ұлданай
Маған 10 сыныптың көркем еңбектен қмж және күнделікті сабақ керек еді