Ғылым таппай мақтанба
Бұл бетте «Ғылым таппай мақтанба» атты Абай Құнанбайұлы жазған білім туралы өлең берілген.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
сізге көп рахмет
неткен керемет.
Өте керемет рахмет
Күшті екен
өте керемет маған қатты ұнады менің көніл күйімді көтерді
Күшті өлең
кушти бари бирак майда жазылган
Өтеее керемет маған ұнады өтее күшті өлең
Абай Құнанбайұлының Ғылым таппай мақтанба атты өлеңі ең мықты
Ұнады
Өте күшті таппақ
Мяған оте катты ұгады 10/10
Күшті
коее маган тоже унады го
маған ұнады
қоое мағанда унадығой
өте керемет маған қатты
рахмет копкоп
wwhhaatt
Өте күшті екен
Өте күшті екен
Рахмет көп көп
Күшті
Өте керемет ????????????
Мейрамғали
30.12.2017. 12:00
Өте. Керемет
Керемет осылай әр адам адал болу керек
Рахмет көп көп ❣️
Өте. Керемет
Маған қатты ұнады, өте керемет ????❤️
Маған. Қатты. Ұнады
Маған.қаты. ұнады
Күшті
Өте керемет мен Абай оқуларына қатысып 1 орын алдым
Абай ата сіздің өлең маған қатты ұнады рахмет сізге.Мен сіздің Жасымда ғылым бар деп ескермедім дегенде ұнады сіздің барлық өлеңдеріңіз жаман ұнады❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Мен Абай өлеңдеріне орысша қатысып 1-орын алдым✨✨✨✨
супер
терең мағыналы өлең
керемет олен маган унады бирак бир кунде жаттау керек
мен матемді жақсы көрмимін
Мен Абай оқуларынан бас жүлде алдым
Маған ұнады
Маған ұнады☝????☝????☝????☝????????????♥️
Ұнады
Мен тіпті оқи беріп жаттап алдым ғой
А
Жақсы күшті бірақ ұзақ екен
Супер
Брат рахмет
өте жаман
күшті терең оймен өлең бірақ тек бір күнде оқу керек ететіні болмаса
Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі — адамның өмірлік ұстанымдары мен ішкі дамуын терең көркемдікпен ашады. Бұл туындыда ақын ғылым мен білімнің маңызын, бос мақтан мен жалған шаттанудан сақтанудың қажеттігін айқын әрі әсерлі тілмен жеткізеді. Өлең адам бойындағы асыл қасиеттерді дамытуға, шынайы ой мен еңбекке ұмтылуға шабыт береді.
Абай Құнанбайұлының “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін оқып шықтым — бұл шығарма маған адам өміріндегі ең маңызды нәрселерді нақты көрсетеді. Ақын ғылым мен білімнің шынайы құндылығын, бос мақтаннан және жалған шаттанудан аулақ болудың қаншалықты қажет екенін терең әрі әсерлі тілмен жеткізген. Өлеңдегі “бес дұшпаннан қашық бол”, “бес асыл іске асық бол” деген жолдар ойға тоқтатады және өз өмірімді қайта қарауға шабыт береді. Мұндай поэзия адамның мінез-құлқын, ізденіс пен еңбек жолын ашық көрсете отырып, оқырманды даналыққа жетелейді. Өлеңді оқыған сайын шынайы білімге ұмтылу керектігін түсіндім — керемет туынды!
ОТ ☝♥️ ОТ ☝♥️ ОТ ☝♥️
👍🏻👍🏻👍🏻
Білім мен еңбек болмаса, мақтанғанның бос екенін анық көрсетеді.
Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі — қазақтың мәңгілік даналығы! ✨
Нағыз классика! Осындай өлеңдерді жариялап тұрғаныңызға үлкен рахмет. Жастар осыны оқып, ойланса екен! 🙏