Арыз жазып кетейін – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Арыз жазып кетейін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 2
  • 32
  • 103156
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...


Пікірлер (32)

Салтанат

Оте керемет олендер

Балхия

Майгуліме деген өлеңі ерекше жүрегімде менің

Гулмаржан

Керемет

Айдана

Маган арыз жазып кетейін ұнады

еркебұлан

мықты

Аяулым

Олендер оте керемет айтылган магыналы

Жанарыс

Күшті!

Диана Сенбаев

Өлендері өте керемет
Маған барлық өлендері ұнайды

Ғабит

керемет!

Нұргүл

Маған ұнады

Алинур

Оте кушти. Мен м.макатаевтын мектебінде оқимын.

Жанымсулу

Олендер оте керемет екен

мерей

керемет супер

Абдилла Төлеген

Маған Мұқағали Мақатаев атамыздың барлық əні ұнады.Əсіресе : қайран жеңгем əні қатты ұнады

Абдилла Төлеген

Маған Мұқағали Мақатаев атамыздың барлық əні ұнады. Əсіресе: қайран жеңгем əні қатты ұнады. Достар сендер де пікір қалдырылған,сонда керемет болар еді достар ия сендерге сәттілік тілеймін!!!!♡☆☆

Жанерке

Менің сүйікті ақыным Мұқағали Мақатаев.Маған ол кісінің өлеңдері қатты ұнайды.Сөз жоқ.Тамаша!

Бауыржан

Ар созiнiн жаны бар олендер гой. Бул бiр туар гулама адамнын создерi десемде артык болмас.

Адеми Темиржан

Унады менин ертен туган куним еди соган осы такпакты айтамын рахмет

Нұрай Əмірова

өте жақсы ертең кеш болады

Суйеров Нурғали

Өмір туралы керемет жазылған...

Kausar

Күшті

алишер

күшті

Нурислам

Керемет өлең! Жастарға берер үлгісі мол!

Мадина

Маған бұл өлең ұнайды конкурс таң 1 орын алдым

Мадина

Маған бұл өлең ұнайды конкурс таң 1 орын аладым

Еркеназ

Бүгін менің туған күнім! Ой, пәлі-ай! Мұқағали Мақатаев!

полатбек Жанбаев

Мықты

Алихан

Арыз жазып кетейін үнады

Қуаныш

Өте күшті

Тоғжан

Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай!
деп басталып, өзінің туған күнінде той-томалақ көрмей, мойындау болмай, өмірдің өтіп бара жатқанына өкініш білдіреді. Мұқағалидың "Арыз жазып кетейін" өлеңін іздегендер – осы жерде!

Майра

Бұл Мұқағали Мақатаевтың «Арыз жазып кетейін» өлеңі – нағыз жүректен шыққан туынды. Әсіресе «Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай, банкет жасап берер едім өзім-ақ» деген жолдары ерекше әсер қалдырады. Бұл жерде ақынның ішкі мұңы, қоғамнан көрген салқындығы анық сезіледі.

Өлең тек туған күн жайлы емес, бұл – адам өмірінің бағаланбауы, таланттың дер кезінде мойындалмауы туралы терең ой. Мұқағали Мақатаевтың сөз саптауы өте қарапайым болғанымен, мағынасы өте ауыр әрі шынайы.

Осындай қазақша мағыналы өлеңдер сирек кездеседі. Сондықтан бұл шығарма қазақ әдебиетін сүйетін әр адамға міндетті түрде оқуға тұрарлық.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыз жазып кетейін өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Арыз жазып кетейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыз жазып кетейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыз жазып кетейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері