Махаббат-сезім сәбиі
Бұл бетте «Махаббат-сезім сәбиі» атты Медеу Демеу жазған махаббат туралы өлең берілген.
Махаббатты серік қып балдан шырын,
Міне,адамдар тағы бір арман шыңын.
Өтінерім, қашанда тату болып,
Жетегінде кетпеңдер алдамшының.
Махаббаттың білгенге мың қатпары,
Ол-сезімнің сәбиі құндақтаулы.
Адамдардың өзіне байланысты,
Арзандауы немесе қымбаттауы.
Халық деуші еді,қосылып жұп болыңдар,
Жұп болыңдар, еліме құт болыңдар.
Тілерім тек сыйластық қалсын мәңгі,
Зымыраумен сырғыған, біткен күнде әрі.
Болғанда өмір-арманың, уақыт-жүрек,
Несібесін әркімдер татып білед.
О,жұбайлар жалғасы келешектің,
Осы тосты алыңдар бақыт тілеп.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі