Мұнарбаева Айгүл Жұмағалиқызы
Білімі: жоғары , Педагог-психолог
Жұмыс орны: №14 Тоқмухамедов Қ. Х.
атындағы мектеп
Байқоныр қаласы
Тақырыбы: «Біз толеранттымыз ...»
Мақсаты: оқушыларда толеранттылық мінез-құлық қалыптастыру
Міндеті:
1. Оқытушылық:
2. Тәрбие берушілік:
3. Дамытушылық:
Әдістер: топтық дискуссия, ойын терапиясы, арттерапия
Қатысушылардың жасы, саны: 14-15 жас, 12 оқушы
Қолданылатын материалдар: жіп, ойыншықтар, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар
Сабақ құрылымы:
Сабақтың барысы:
А) «Ешкім білмейді, мен ...» . Өзін-өзі таныстыру.
Б) Сабақ ережесін қабылдау.
“Толеранттық” деген атауы халықаралық термин сөз болғанымен, мазмұн-мағынасы қазақтың төл сөзі — кәдімгі төзімділік дегеннің баламасы. Ол қарапайым тұрмыста көршінің көршіге деген төзімділігінен бастап, кең ауқымда мәдениеттер арасындағы, діни конфессиялар арасындағы, ұлттар, ұлыстар, тілдер арасындағы өзара төзімділікті, ымыраласуды білдіреді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында осы маңызды мәселе – үнемі басты орында.Қазақстандықтар үшін негізгі құндылық – ұлтаралық татулықты сақтау, көпұлтты Қазақстан жағдайында бірін-бірі түсіну, сену мен құрметтеу және азаматтық келісімді орнату.
Енді сендер «толеранттылық» деген сөзді қаншалықты түсіндіңдер көрелік. Толерантты адамға мынадай қасиет тән деген кісілер: «өзгелерді ұнатпау, қабылдамау, сенің өзіңнің елің басқа елден ерекше, басқа ұлттан артық» деп ойлайтындар бөлме есігінің алдына барып тұрыңыздар. Ал, «өзге адамдардың барлық ойлары дұрыс, өз көзқарасы жоқ, өз ұлтының дәстүрін түсінбейтін»адамдар толерантты деп ойлайтын кісілер терезе алдына, ал енді екі ойды да құптамайтын адамдар ортада қалыңыздар.
Ортада қалған адамдар ең дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Себебі толерантты адамның өз көзқарасы бар және оны қорғай алатын адам, сонымен бірге өзге адамның пікірін де тыңдап, оны сыйлай алу.
Қалай ойлайсыңдар толерантты адам келеке, әжуа, мазақ дегенді көтере ала ма?
Адамның өзге адамға деген қарым-қатынасын мына бағыттар арқылы көрсетуге болады:
« Мен жақсымын – сен жамансың»
« Мен жаманмын – сен жақсысың»
« Мен жаманмын- сен жамансың»
« Мен жақсымын – сен жақсысың».
Топ 3-ке бөлінеді де,«Тепе-теңдік», «Сабырлылық», «Келісім» сөздерін пантомима арқылы көрсетеді. Қалғандары оын қандай сөз екенін түсініп, айтуы тиіс.
Қалта ішіндегі әр түрлі заттарды алып, сол затты «толеранттылық» сөзімен байланыстыра сөйлеу.
Қатысушылар көздерін жұмып, бөлме ішінде жүре бастайды. Психолог бір қатысушының қолынан ұстап алады, ал ол « Көмек» деп айқайлайды.Сол оқушыға жақын оқушы оның қолын ұстап тұра қалса, сол оқушыны қоршап қалғандары шеңбер жасап тұруйы тиіс.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі