Жүдеу жүрек – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Жүдеу жүрек» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2018
  • 0
  • 0
  • 16695
Былапыт, Ылат,
Былжыр күз.
Түнжыр қабақ,
Қылжыр көз.
Қыр қызықсыз
Тау түрсіз.
Су сұрықсыз,
Сүйкімсіз.
Жылауық көз
Сылбыр күз.
Көріксіз,
Әрсіз,
Ажарсыз.
Сілбірең
Тұман,
Көңілсіз.
Жауын
Айсыз,
Жұлдызсыз,
Түн,
Түнек
Түтін...
Үй жалғыз.
Отын дым,
От бықсиды.
Үрлейді қатын,
Сықсиды.
Қайнамай қазан,
Мықшиды,
Түксиді,
Мұқаш
Бүкшиді.
Ірге күңгірт
Көлеңке.
Бұрылды солай
Шүй желке.
Көрдей күңгірт
Үңгірде
Жатыр төсек,
Кір көрпе.
Кеше ғана үйге енген
Кеткен тоқал сүйгенмен.
Жүрегі сыздап,
Бой мүздап,
Үһ! - деді
Іші күйгеннен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері