Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Мектеп — кеме, білім — теңіз

Бұл бетте «Мектеп — кеме, білім — теңіз» атты Қасым Аманжолов жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 5
  • 63321
Мектеп — кеме,
Білім — теңіз!
Барар жерге
Тез жетеміз!
Адаспаймыз
Ұлы жолда,
Лениннің
Туы қолда!
Капитандар—
Мұғалімдер,
Жас моряктар—
Жас сәбилер,
Құтты болсын сапарларың,
Мықты болсын қатарларың!
Туысқандар,
Ту ұстаңдар,
Тұрып сапта,
Тәртіп сақта!
Тербеліңдер толқындарда,
Кеме берік, қорқу бар ма!
Көк теңізден көлбей өтіп,
Қойнауы алтын жерге жетіп,
Ақтарыңдар өмір кенін,
Қазынасын берекенің!
Қызыл тулы елің үшін,
Қызғалдақты жерің үшін,
Қызық дәурен өмір үшін
Қызсын сенің жігер күшің!
Мектеп — кеме,
Білім — теңіз,
Тынбай алға
Жүзудеміз,
Біз жетпейтін қиыр да жоқ,
Біз алмайтын қиын да жоқ!
Өнер-білім теңізінде,
Біз мықтымыз
Жер жүзінде,
Адаспаймыз ұлы жолда,
Лениннің
Туы қолда!


Пікірлер (5)

Нұргүл

Кейбір жерге өзгерту жасасақ. Мысалға
Мектеп — кеме,
Білім — теңіз!
Барар жерге
Тез жетеміз!
Адаспаймыз
Ұлы жолда,
Елдің Туы
Біздің қолда!
Капитандар—
Мұғалімдер,
Жас моряктар—
Жас сәбилер,
Құтты болсын сапарларың,
Мықты болсын қатарларың!
Туысқандар,
Ту ұстаңдар,
Тұрып сапта,
Тәртіп сақта!
Тербеліңдер толқындарда,
Кеме берік, қорқу бар ма!
Көк теңізден көлбей өтіп,
Қойнауы алтын жерге жетіп,
Ақтарыңдар өмір кенін,
Қазынасын берекенің!
Биік таулы елің үшін,
Қызғалдақты жерің үшін,
Қызық дәурен өмір үшін
Қызсын сенің жігер күшің!
Мектеп — кеме,
Білім — теңіз,
Тынбай алға
Жүзудеміз,
Біз жетпейтін қиыр да жоқ,
Біз алмайтын қиын да жоқ!
Өнер-білім теңізінде,
Біз мықтымыз
Жер жүзінде,
Адаспаймыз ұлы жолда,
Көк Туымыз
Біздің қолда.

Әбіләз

Не өзгерді сонда?

Жібек

Елдің туы біздің қолда деп өзгерді жетінші қатар

Талғат

Қасым Аманжоловтың «Мектеп — кеме, білім — теңіз» өлеңі – мектеп оқушыларына арналған нағыз мотивациялық гимн! «Мектеп — кеме, Білім — теңіз! Барар жерге Тез жетеміз!» деген жолдардан бастап, білімнің кең теңізін кемемен жүзу сияқты теңеу қандай әдемі әрі терең! Мұғалімдер – капитан, оқушылар – жас моряктар, ал алға ұмтылу – толқындармен күресу... Өлең оқыған сайын білімге деген құштарлық оянады, мектептің маңызы тағы бір түсінікті болады. «Біз жетпейтін қиыр да жоқ» деген сөздер жүрекке жетеді! Bilim-all-да Қасым ағамыздың мұндай асыл өлеңдерін жинап, жаңа буынға жеткізіп жүргендеріңізге зор алғыс. Әр оқушы, әр ұстаз оқып, жүрегіне тоқуы тиіс шығарма!

Бұрхан

«Қасым Аманжоловтың «Мектеп — кеме, білім — теңіз» өлеңі – нағыз мектеп гимні сияқты!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мектеп — кеме, білім — теңіз өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Мектеп — кеме, білім — теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мектеп — кеме, білім — теңіз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мектеп — кеме, білім — теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері