Қоңыр кеш – Есбол Нұрахмет

Бұл бетте «Қоңыр кеш» атты Есбол Нұрахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 460
Базарға мал айдадым пұл ма екен деп,
Қойыпты қыздың атын Ұлмекен деп.
Бойыма ішкен асым бір батпайды,
Көңілі сол бір қыздың кімде екен деп.
Халық әнінен

Қоңыр кеш, күз кеші, сида теректер,
Қыздардың күлкісі құлақта гүлдеген.
Көшені кезіп майда жел өпкен,
Көзімде – күлкі, жүректе – дүрбелең...

Маңдайын Ай сүйген қазақы қыздар-ай,
Еріні үлбіреп, қуанып күледі.
Махаббат әуенін шертеді Күз қалай?
Шашылған жапырақ ілесіп жүр әні...

Есімде, сол түні Ай қадап иыққа,
Самарқау жымиып тұр Аспан.
Мендегі ғашықтық өзіңді ұйытқан,
Сондағы бір шумақ өлеңнен гүл ашқан.

Сондағы дүрбелең – кеудемде сең ізі,
Ұнатқандығымды тағады айып қып.
Арамыз көз жетпес ұяңдық теңізі,
Ал мені алып кет «сырғаңды қайық қып».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр кеш өлеңінің авторы кім?

Есбол Нұрахмет — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Нұрахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері