Шағылған терезе – Есбол Нұрахмет

Бұл бетте «Шағылған терезе» атты Есбол Нұрахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Тұрағыма тығып алып тұмсығын,
Тағы міне жылтылдатты түн шылым.
Жалаңдаған найза кірпіктерімен,
Тереземді шағып кетті бір сұлу.

Алан-ашық қосыма кеп ел түнер,
Жайымда жоқ терезе іздеп тентірер.
Бірақ қалқа таппай болмас, әлгі қыз
Бұрымымен буындырып өлтірер.

Сора-сора қалмайтұғын тепектеп,
Күйкі тірлік тартпай қайтсын етектен.
Мынау тартып, ал әлгі қыз көзінің
Қиығымен әкетеді-ау жетектеп.

Өлік көзін бажырайтып қараңғы,
Айдың ұзын тырнағына таланды.
Тереземнің алдына кеп әлгі қыз,
Менің мылқау көздеріммен таранды.

Тереземді өз ойымша бекемдеп,
Жұлдыздарды жинап қойдым лекерлеп.
Бекерлік-ай үміттеніп қоямын,
Өзі келіп жамап берер ме екен деп.

Шоқпар тұмсық қара түнді сүргілеп,
Ақ тамақ күн шашын жайып күлді кеп.
Жұлдыз жамау терезем де күл-парша,
Енді немен қалқалаймын кім білед?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағылған терезе өлеңінің авторы кім?

Есбол Нұрахмет — осы өлеңнің авторы.

Шағылған терезе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағылған терезе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Нұрахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағылған терезе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері