Жаз өрмелеп барады тау басына – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жаз өрмелеп барады тау басына» атты Ғафу Қайырбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2061
Жаз өрмелеп барады тау басына,
Таудың жылу тарады жамбасына
Ол бір сұлу аңқыған төсі жұпар
Қояр емес қойнына бармасыңа.
Жүр, кетейік, құрбы жан, жүр кетейік.
Көк өзендей көңілді гүрлетейік.
Жадыратсын жайсаң жер жанымызды
Біз де таудың тас көңілін жібітейік.
Жігіт озып, соңында қыз қалмасын,
Гүл терейік, асқар тау қызғанбасын.
Біз еркелеп жасайық бір тентектік
Шайқар ма екен шатақ шал мұз қар басын.
Қыз дегенің сақтыққа өте бейім,
Қалдырмаңдар, жігіттер, бекер кейін,
Ақ білегің создағы жалғас маған,
Саусағыңның ұшын бер, жетелейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз өрмелеп барады тау басына өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жаз өрмелеп барады тау басына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз өрмелеп барады тау басына өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз өрмелеп барады тау басына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері