Перідей сұлу періште пешенемдегі – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Перідей сұлу періште пешенемдегі» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1501
Перідей сұлу періште пешенемдегі,
Сен тіккен отау – жұмақтай, кесел енбеді.
Еміздіктетіп сезімді ессіздендірдің,
Махаббат – шарап меймілдеп, еселенбеді.
Жатырсың менен хабарсыз, жарығым, қашық,
Уайым уды жұтамыз, арыдық ашып.
Маңдайың жарық, жылтырар күміс кекілің,
Сағынышымның сарқылмас сарығын басып.
Жарылқай қояр жалғанда тәңірі кімді?
Хикметтеріне жетелер қарымы мыңды.
Тірлікті кешіп жатырмыз күн жұбатумен,
Жалғыздығым-ақ түтетті қаңырығымды.
Зәумен бір келсең, не етемін?
Жарыламын ба?
Қабырға сөккен құсадан арыламын ба?
Арман ғой бәрі, қиялым – қысырақ үйір,
Жеткізбей қойдың, жалған-ай, тары бағыңа.
Сатқа ұрғандай-ақ жүдедім, тұңғиық батып,
Мазасыз ойлар жүрген жоқ түнде ұйықтатып.
Середек иттей сенделем із кесіп таңға,
... Отырсаң, ботам, тіліңді жымиып қатып.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Перідей сұлу періште пешенемдегі өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Перідей сұлу періште пешенемдегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Перідей сұлу періште пешенемдегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Перідей сұлу періште пешенемдегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері