Шығарып салдың мені – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шығарып салдың мені» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1014
Шығарып салдың мені:
аэропортта – ызы-шу, жан дүрмегі.
Қуаныш, мұң алмасып көңілімде,
жүрегімнің басталды бал күндері,
дәл сол күннен қиқуға салдың мені.
Жүрегім бұлқып керім,
құшақтаса береді кірпіктерім,
ерек бейнең тұрады сонда алдымда,
кеудемдегі дүбірді іркіп демім.
Күйім менің – күзгі гүл,
нұр – күткенім.
Ештеңе
жоқ өмірде:
атағың ба, даңқың ба, өнерің бе,
жұрт ығысар жасың ба, өрлігің бе –
тіршілік – тек сол көзде, сол ерінде!
Оралам ба, тағы да көремін бе?
Қарсы алды бәрі құшып,
жақсы көріп, аялап, сағынысып.
Жиырмадағы күйімді кешіп тұрмын,
өз-өзімнен сенделіп, жанып-ысып.
Қайта кеткім келіп тұр қазір ұшып.
Ешкімді, ештеңені
көрсетпедің. Жұрт менен сескенеді.
Жынұрғандай күйдемін. Не боп барам?
Қайда қалды, қайда әлгі «ес» дегені?

1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шығарып салдың мені өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Шығарып салдың мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шығарып салдың мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шығарып салдың мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері