Қап барады гүл дәурен

Бұл бетте «Қап барады гүл дәурен» атты Мұхтархан Қалиұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2020
  • 0
  • 0
  • 743
Жүйткіп өтіп барады самала күн,
Ілесіп қанатына шағаланың
Естіртпей шарықтаған салған әнін.
Алыстатып жастықтың жағалауын
Жүйткіп өтіп барады самала күн.

Барады өтіп уақыт сымбатын ап,
Нуілдеп жүруші едік, түн қатып-ақ.
Қап барады гүл дәурен қымбатырақ.
Дірілдейді жүрегің, бірдемесін
Біреуге алған жандай ұрлатып-ап
…Ағашта қалтырайды бір жапырақ.

Аспанның ашылмай тұр реңі түк,
Таулардың түксиеді сілемі тік
Бозарған бозғылт аспан тұнжырайды.
Күнде тұр қабақ шытып күреңітіп.
Тек қана жүрегімде бір жылылық,
Құрсанған қатаңдықты тұр ерітіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қап барады гүл дәурен өлеңінің авторы кім?

Мұхтархан Қалиұлы — осы өлеңнің авторы.

Қап барады гүл дәурен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қап барады гүл дәурен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтархан Қалиұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қап барады гүл дәурен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері