Алматыда жүр жортып – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Алматыда жүр жортып» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алматыда жүр жортып
Бота тірсек бозбала.
Өзін мақтап әр жерде,
Баққаны өсек сөз ғана.

«Белинский не Пушкин
Қайтсем дағы боламын!» -
Деп жағалап жүр көптен
Жазушылар одағын.

«Мұхтарың да Сәбитің,
Жазушы ма Ғабитің?
Әбділда мен Тайыр-ай,
Ақын боп па, тәйір-ай!» -
Деді де ол кірісті
Белинский болуға.

Сайлады сөз шоқпарын
Ақындарды соғуға.
Жиналыста оттады,
Сынаймын деп боқтады.
Қара тер боп қалжырап,
Арақ ішіп тоқтады.

Кірісті өлең жазуға,
Сөзді салып азуға.
Жебемеді ұлы ақын,
Қалды байғұс қажуға.

Шарап ішіп шабытын
Шақырса да, шықпады.
Шықты ұйпа-тұйпасы,
Mac боп барып ұйықтады.

Қайғысынан осының
Барды үйіне досының.
Айтты досы ақылын:
- Тыңда, - деді, - ақыным,
Сабыр ойла, саспашы,
Тым ертерек таспашы.
Бірден Пушкин болмай-ак,
Баймұқанша басташы...

10 тамыз, 1954 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыда жүр жортып өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Алматыда жүр жортып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыда жүр жортып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыда жүр жортып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері