Жайық жағасында – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жайық жағасында» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1413
Қиын ғой өмір әманда,
Қойдым-ау мұңнан айықпай.
Отырмын келіп жағаңда
Иесіз қалған қайықтай.
Мен сенің келіп жаныңа,
Сан рет, Жайық, сыр ашқам.
Уақыт жылдам ағады, ә,
Куә ғой оған Күн, Аспан.
Көлеңке салып көзіме,
Еңкейді күннің шапағы,
Айтпақ па құстар әлдене,
Шуласып неге жатады?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері