Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы» атты Шәмшия Жұбатова жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1134
Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы,
Жайнаған жастығымды күн ұрлады.
Жұпарын сарайыма себеледі
Айналып жылдарымның жұмыр бағы.
Жұпарын сарайыма себеледі,
Керіліп аппақ желкен кемедегі.
Мезгілсіз аққан мезгіл өзені кеп,
Ойлантып кете берді неге мені?
Кеңейген кеш ашылып жан сарайым,
Жасырма, үнсіз өтті қаншама айың?
Аққудай қанатымды үлпілдетіп,
Жылдардың жоғын іздеп ән салайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері