Өлең, жыр, ақындар

Қайырлы таң, қазағым!

Қазағым, қайырлы таң ұйқыдағы,
Сендерді ойлап, көңілде күй тұнады.
Талайың осы уақытты ұйықтап жатсың,
Таусылмай тәтті түстей сиқыр әлі.
"Таңғы нәсіп - Тәңірден" деген екен,
Ұйықтап жатсаң саған қандай сый қылады?..

Санасызды қашан да ұйқы басар,
Ісі өрлемей, іркіліп, сыйқы қашар.
Өз обалың өзіңе ұйықтай бергін,
мақсатың жоқ, қайтейін, ұйқыңды ашар.

Түсінбессің мүмкін сен, түсінерсің,
"Өзім білем" деп әлде ісінесің.
Ерте тұру бұл парыз дегенмен де,
Кіріссең жан-тәніңмен ісіңе шын.
Таңғы ұйқы қияды ырысыңды,
Берекеңді төменге түсіресің.

Ерте тұрған адамға Алла берер,
Деп осылай көнеден қалған өлең.
Әрбір күнің қайтатын зат емес қой,
Ұйқыға ойланбастан жалға берер!
Күн шуағын сыйларда бізге Құдай,
Жұмысыңа жүй пайыз арна деген.
Осылай шын бақытқа жол нұсқаймын,
Артық сөздер айтылған бар ма менен!

Болады тірі адамның бір ісі артық,
Ерте тұрған адамның ырысы артық.
Жан дүние кенеліп қуанышқа,
Өркендейді өрлейді жұмысы артып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңді оят, дабылын қақсын арманың!

  • 0
  • 9

Өзіңді оят!
Жүре бермей түңіліп,
Күдіктеніп, қорқып, ылғи кідіріп.
Тұтансын сенде жалын беретін жүрекке,

Толық

Қыранша өмір сүрейік!

  • 0
  • 2

Үлкендер, орта буын, жастар жағы,
Қанша болды бізге өмір басталғалы?
Жігерсіздік, ойсыздық отан болып,
Таюда қанша адамның бастан бағы.

Толық

Талпыныс

  • 1
  • 2

Өмірдің мәні, көңілдің сәні – талпыныс,
Мақсатқа ұмтыл, «жетем» деп бала, ал, тырыс.
Арманды көздеп, бойыңды өзгерт, шаршама,
Болмасын сенде ынжықтық және алқыныс.

Толық

Қарап көріңіз